Отбасы - ошақ қасы

Күйеуімнің опасыздығын қалай кешірем

  • Сурет ашақ дереккөзден

    Сурет ашақ дереккөзден

Ассалаумағалайкум əпке ,сіңілдер! Мен де сайттың тұрақты оқырманымын. Сан түрлі тағдырлады оқып, көзге еріксіз жас аламын, кейде Аллам құлыңа сана бере көрші деп іштей дұға етемін.

 

Мен де сіздер мен жанымды қинаған сырыммен бөліскім келеді. 20 жасымда сүйген жігітіме тұрмысқа шықтым. Оны бар жүрегіммен сүйдім. Сендім ... Алғаш үйіне əкелген күннен бастап оған деген сенімім кете бастады. Оған себеп, сол күні оның телефонына смс келді. Ол маған қарай салшы деген соң, ашып қалсам, бұрынғы қызынан қоштасу смс-і екен. Оқығанда ішім алай-дүлей болды. Үйленгенімізге 15 кун болғанда ол қыз соңғы рет кездесейікші деп тағы да күйеуімді кездесуге шақырыпты. Менің сенген, сүйген жарым сол күні онымен кездесіп келеді,араларында не болғанын білмеймін.Маған жалған айтып соған барып келіпті. Олар жүріп жүргенде аралында жақын қатынас болған.

 

Ол қыз менің күйеуіме дейін де жігітпен жүрген екен. Сондықтан да болар оған менің күйеуімнің үйленбегені. Екеуі кездескен күні ол қыз куйеуімнен: "əйелің адал келді ме саған" деп сұрапты, бірақ күйеуім жоқ адал (пəк) болмады деп, менің адалдығымды жасырған. Осының бәрін маған әлгі қыздың өзі айтып берді. Сол күннен бастап жанымның жартысын жұлып алғандай болды.

 

Ол қыз маған үнемі хабарласып, күйеуімді әлі сүйетінін, ұмыта алмайтынын айтады. Осылай күндерім айларға жалғасып, уақыттың қалай өткенін білмедім. Тұңғыш сəбиім өмірге келді. Сол оқиғаның əсері болар қызымды 32 аптасында босандым. Мұның барлығы Алланың бұйыртқаны болар, сəбиімді аман-есен босандым.

 

Баламыз болғанда өзгерер деген күйеуім өзгермеді. Мен өмір мен өлім арасында жатқанда тағы сол қызбен сөйлесіп отырған. Жаным тағы жалғызсыраған күй кешті. Солай жүріп қызым қырқынан шықты. Енем бар, бірақ немересіне қарамады. Шала туған балама өзім қарадым.

 

Бəрінен шаршадым.Күйеуімді отырғызып қойып: "мен шаршадым, кімді аласың өзің біл,мен саған бақыт тілеймін, осымен бəрі бітсін, мен кеткім келеді" деп ашық айтып, сол күні бəрін тастап кетіп қалдым. Өзім сүйген, қорғаным болар деп үміттенген, мейірім мен махаббатын күткен, жылы сөйлеп жұбатар деген жарымды бір жола тастап кете бардым.

 

Екі күн өтпей "жаным, кешірші деп қайта келді, " маған ол емес сендер керексің" деді. Кешірдім, қызым үшін деп қайта бардым. Бір ай өтпей ол қызбен қайта сөйлесіп жүргенін біліп қалдым. Бұл істерінен жарыма деген сенім, сезім, бəрінен айрылдым. Солай өмір ағымымен өмірім жалғасты.

 

Арада біраз уақыт өткен соң әлгі қыз да басқа қалаға кетті оқуын бітіріп. Жігіті бар екен. Бір күні маған хабарласып, "біз сол кездескен күні куйеуің маған екінші əйелім бол деп ұсыныс жасады" деді. Тағы қиналдым. Бəрі өтірік болар деген үмітпен күйеуімнен сұрадым, ол болса: "иә, айтқанмын, мен оны басқаға қимаймын" деді. Не дерімді білмедім.Жарыма деген сыйластығым да азайды. Уақыт өте бəрі ұмытылар дедім. Бірақ ұмыта алар емеспін.

 

Одан бері 2 жыл өтсе де опаздығын кешіре алар емеспін. Жаным қатты қиналып жүр. Бұл опаздықты қалай кешіре алам, ақыл қосыңыздаршы. Күйеуіме қарасам, сол опасыздықтары есіме түседі. Мұнда жаза алмағандарым қаншама.

 

Қазір түнде ұйқыға жатқанда арқамнан қатты қысады бір тылсым күш. Мұрнымнан жиі қан ағады. Дəрет алып, Құран оқи бастасам қатты қысылам, не болмаса қолдарым өздігінен дірілдейді. Кейде сол қыз дуалатты ма деп те ойлаймын. Жын бар ма деп те ойлаймын. Мінезім қатты өзгеріп барады. Дуаны қалай білсем болады? Мықты имамдар барма ШҚО бойынша білсеңіздер, жазсаңыздар? Аллам баршамызға иман берсін. Əрбір жан бақытты болуға лайықты. Бақытты болыңыздар!

 

Аноним

alashainasy.kz/

 




Көрілген: 3694    Пікірлер: 0

сейсенбі, 11.08.2020, 14:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қазан, 22:10
    Баланың киесі ұрады
    10 Қыркүйек, 16:15
    Әйелдің өлімі...
    7 Қыркүйек, 14:38
    Күйеуімді ынтық еттім...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31