Отбасы - ошақ қасы

Күйеуімнің өзге келіншектерге барғанына мен кінәлімін...

  • Күйеуімнің өзге келіншектерге барғанына мен кінәлімін...

    Күйеуімнің өзге келіншектерге барғанына мен кінәлімін...

 Сәлеметсіздер ме, құрметті оқырман! Мен де сіздердің ақыл-кеңестеріңізге зəру болып отырмын. Ақылым алтау, ойым жетеу, санам сегіз болып отырған жайым бар. Біз отбасын құрғанымызға 6 жыл болғанда ажырасып кеткен едік. Арада көп уақыт өтпей, жолдасым хабарласқан. Содан осы уақытқа дейін хабарласамыз. Ол мені, мен оны қимаймын. Бірақ қосылуға əйелдік менім жібермейтін сияқты.


Ол жаңа жылдың алдында бір хабарласып, өзінің 3 келіншекпен жақын қатынаста болғанын бірақ енді олай қайталамайтынын айтты. Мен неге ондайға бардың деп едім, сен мені тастап кетіп осындай дəрежеге жеткіздің деді. Енді өз өзімді жазғырумен жүрмін, себебі ол біз отбасы болып тұрған уақытта ешқашан оңға-солға қадам баспаған болатын. Мен оған өзімнен де артық сеніп жүр едім. Отбасы болып тұрған уақытта оңға-солға бұрылмащ түгілі туыс, дос-жарандарға да менсіз бармайтын. Той-домалақ дегенге де ешқашан менсіз бармайтын. Енді міне, перзентіміздің жоқтығынан өз отбасымды өзім ойрандап алып, қиналып отырмын. Сағынамын! Аңсаймын! Қапаланамын! Əпкелер сіздерден жанды жадыратар ақыл күтемін. Мүмкін қосылып бəрін ұмытармын...


 




Көрілген: 4494    Пікірлер: 0

жұма, 17.05.2019, 17:53

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Маусым, 17:00
    Кешірші анашым...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31