Отбасы - ошақ қасы

Күйеуің ынжық болса, көрінгеннен қорлық көреді екенсің

  • Күйеуің ынжық болса, көрінгеннен қорлық көреді екенсің

    Күйеуің ынжық болса, көрінгеннен қорлық көреді екенсің

Менің де тағдырым алып қашқан қыздардың жайынан асып бара жатқан өзгешелігі жоқ. Сүймедім. Танымадым. Күйеуімнің болмысы - ынжық. Жұрттың ықылауынсыз өмір сүре алмайды. Өзі ештеңе ойланбайды. Өзіне не керек екенін ойланбайды да. Мені жеңгелері мақтауымен жар қылды. Ол үшін біреу ойланып, біреу шешім қабылдағанға үйренген.


Мейлі, үйде бар мəселені атам шешеді. Атам ащы суға жақындығы бар. Ішіп алса, ешкімді танымайды. Аузына келгенді құсып, үйден қуалайды. Түн болсын, күн болсын бəрі бір. Енем де қызық. Ол кісіге атамның мінезі үйреншікті болып кеткен. Өткен ақпан айындағы атамның əрекетінен соң үйден кетіп қалдым. Ішіп келіп, итке тамақ бермейсің деп, мені таяққажықты. Енем арашаламады. Күйеуім де əкесіне қарсы шықпады.


Күйеуің ынжық болса, көрінгеннен қорлық көреді екенсің. Қайта үйге бару да оңай емес. Əкемді жерге қаратқым келмейді. Сол үшін күйеуіме бөлек шығуды ұсындым. Ол бөлек өмір сүруді ойланбайды. Күйеуім - момын жігіт. Арақ-шарапқа қызықпайды. Малсақ. Момынды жылатқым келмейді. Енді сол күйеуімнің жауабын тосудамын.


Күйеуіммен ұрсысып көрмеппіз.Ажырасып кетуге қимаймын.Ал ене мен күйеу тұрып атаңнан таяқ жеу қатты жаныма батты.Ол үйге барғым келмейді.Қиналып жүрмін.Жеңгемнің де ұл –қыздары бар. «Шыққан қыз шиден тысқары»деп жеңгемнің мен барғалы қабағы ашылмады.Қайда барамын?


el24kz




Көрілген: 4810    Пікірлер: 0

бейсенбі, 07.11.2019, 11:00

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Қазан, 10:43
    Күйеуім бола тұра...
    24 Қыркүйек, 10:32
    Бір өмір: әкесі мен қызы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30