Күйеуіне көңілдес іздеген келіншек

05 тамыз 2022, 20:24

44 жастағы Паттима күйеуіне көңілдес бола алатын әйелдерге өзінің талабын қойған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі nege.kz-ке сілтеме жасап.

Көңілдестің жасы міндетті түрде 30-35 жас аралығында болу керек.

 

Сонымен қатар, жоғарғы білімі немесе ғылыми дәрежесін көрсетуі тиіс.

 

Сондай-ақ АИВ (ВИЧ) жұқтырмағанын дәлелтейтін медициналық анықтамасы тексеріледі.

 

Егер барлық талаптарға сай болса, көңілдеске ай сайын 200 мың теңге төлеп, тегін жатын орын мен тамақ беріледі.

 

«Ол менің күйеуіме, маған және балама қарауы керек», - деген Паттима, күйеуінің көңілдесіне жақсы қарауға уәде берген. Бірақ көңілдесі оған үй шаруасына көмектесуі керек.

 

«Күйеуім кімнің қасында қалуды өзі шешетін болады. Ешқандай арнайы кесте болмайды. Ол барлығын өз бетінше таңдай алады», - деді ол.

 

Осылайша ол талабына сай келетін 33 жастағы әйелді күйеуіне көңілдес етіп жалдаған.

 

Кейінірек Паттима ол әйелдің күйеуінің көңілінен шықпағанын айтқан.