Отбасы - ошақ қасы

Күйеуінің өзіне деген қызығушылығы жоқ екенін байқаған келіншек мұңын шақты

  • Күйеуінің өзіне деген қызығушылығы жоқ екенін байқаған келіншек мұңын шақты

    Күйеуінің өзіне деген қызығушылығы жоқ екенін байқаған келіншек мұңын шақты

Күйеуімен шаңырақ көтергеніне бес жылдан асқан келіншек желіде сырын ақтарды. Айтуынша, өзі жоқта жұбайы басқа әйелмен ұялы телефон арқылы бір айдай сөйлескен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тығырыққа тірелген әйел Instagram-дағы zhenskaya_blogika парақшасында мұңын шақты.

Келіншектің сөзіне қарағанда олар шынайы махаббатпен үйленбеген көрінеді. Алайда кейін күйеуіне ғашық болып қалыпты.

"Күйеуіммен бірге 4,5 жыл тұрып келемін. Бұрын оны қалай қатты жақсы көрсем, қазір де дәл солай шын жақсы көремін. Бір-бірімізді сүйіп қосылмадық. Бірақ мен оны сүйіп қалдым.

Қазіргі таңда екі баламыз бар. Бірі екіде, бірі бір жаста. Ата-енем ауылда, ал біз қалада тұрамыз. Жуырда ата-анамыздың халін біліп қайту үшін ауылға барып келгенмін, ал қайтып оралғанда оның мен жоқта басқа біреумен сөйлескенін білдім", - дейді кейіпкер.
Отбасын сақтап қалғысы келген келіншек сүйіктісінің опасыздығын кешірген. Дегенмен де күйеуінің өзіне деген қызығушылығы жоқ екенін байқаған.

"Бөтен әйелмен шамамен бір айға жуық хат жазысыпты. Одан мұндайды күтпеген едім.
Маған намаз оқы, орамал тағып жүр деген адам басқа біреумен сөйлесіп жүр. Мұндай ащы шындықты қабылдау маған қиынға түсті. Одан кейін шамамен екі ай өтті, кеткен жоқпын.

Алайда ішім алай-дүлей. Үнемі оның маған деген қызығушылығы жоқ секілді көрінеді. Мен ол үшін өзіме жиі қарайлап жүремін.
Қазіргі таңда тек балалар үшін бірге тұрып жатқан сияқтымыз. Маған деген сезімі қалмаған. Балаларды аяймын", - дейді келіншек.




Көрілген: 2289    Пікірлер: 0

сенбі, 21.12.2019, 22:58

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Ақпан, 16:10
    Екі әйел алмаңдар!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29