Күйеуінің алыс туысқанына ғашық болып қалған отбасылы келіншек желіде жан сырын ақтарды. Оның айтуынша, олар барлығы бір үйде тұрып жүрген кезде әйел адам жігітпен жақсы сөйлесіп кеткен. Ал ол көшіп кеткеннен кейін есі ауып, оны сағына бастаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Кейіпкер мұңын шаққын хатын Instagram-дағы astana__forum парақшасына жолдаған.
"Есімнен ауысатын шығармын. Тұрмыстамын, балам бар. Күйеуімнің алыс туысын ұнатып қалған секілдімін. Ол біраз уақыт бізбен тұрды. Сол кезде оған бауыр басып қалыппын. Ортақ қызығушылығымыз да бар, жай отырып бірнеше сағат сөйлесе алатын едік.
Енді ол басқа қалаға көшіп кеткенде мен оны сағына бастадым. Иісін аңсаймын. Соған қарай тартып тұрады. Мұның не нәрсе екенін түсінбеймін. Оның өзіне және күйеуіме ол туралы айта алмаймын. Құрбыларым да жоқ. Мүмкін уақыт өте бәрі кетер", - деп ашынды әйел адам.