​Күйеуіңіздің БАСҚАҒА кеткенін қаламасаңыз, ТӨСЕКТЕ "түрленуді" үйреніңіз

09 желтоқсан 2021, 22:58

Өз үйіңіздің төрт қабырғасынан жалыққан болсаңыз, сезімге басқа жерде де берілуге болады, деп жазды ERNUR.KZ. 

Бір-бірін сүйіп қосылған жас жұбайлар өмір бойы бірге болуды армандайды. Олардың өмірі алғашқы жылдары тек қуаныш пен бақытқа толы болады. Алайда уақыт өте келе жас жұбайлар бір-бірінен жалыға бастайды екен. Міне, сондықтан да ерлі-зайыптыларға төсектегі байланысты түрлендіруге тура келеді. Мұндайда әсіресе әйелдерге көп нәрсені ойлану керек дейді мамандар. Төсек қатынасын түрлендіру үшін не істеуге болады?

Құбылып тұрыңыз!

Сексуалды өмірдегі байланыстың ынтызарлық пен құштарлыққа толы болғанын қаласаңыз үнемі өзгеріп отыруыңыз керек. Өзгеріс болғанда қай жағынан өзгеремін деп ойланып отырған боларсыз?! Әрине, сырт келбет пен тартымдылықты арттыруға бар күшіңізді саласыз. Егер де сіз келбеті келіскен келіншек болсаңыз, шашыңызды ғана өзгертуіңізге болады. Ол үшін жасанды шашты пайдаланыңыз. Өзіңізге жарасымды шаш үлгісін алып, күйеуіңізге сюрприз жасаңыз. Сөйтіп сүйіктіңіздің алдында тсөекке жаны құмар жанша әрекет жасап, құбыла түсіңіз. Бетіңіздің бояуын да өзгертуіңізге болады. Жай күндері ашық түсті бояулармен боянатын болсаңыз, бұл күні ерекше макияжбен шығыңыз. Сонда сүйіктіңіз сіздің бұл әрекеттеріңізге қызыға әрі қызғана қарайтыны сөзсіз.

Ешқашан өзіңізден ақшаны аямаңыз

Әйелдер көбіне бала-шаға мен ерінің қамын ойлаймын деп өздерін ұмыт қалдырып жатады. Бұлайша жалғаса беруге болмайды. Өйткені интимді байланыстың қызықты әрі жарқын болғанын қалайтын әйел іш киімге де мән беруі қажет. Әдемі іш киім киген қыздарды көрген еркектің аузының суы құрып, тамсана қарайды. Міне, күйеуіңізді де осындай жағдайға жеткізу өз қолыңызда. Сондықтан да іш киіміңізді тартымды етуді ойластырыңыз. Үнемі ата-ене мен бала-шағаның қамын ойлаймын деп күйеуіңіздің көңілінен шықпай қалуыңыз ғажап емес. Осыны естен шығармау керек! Әсіресе ауыл келіндері іш киімге көңіл бөле бермейді. Тек іш киім ғана емес, иіс су да еріңізді еліктіре түсетінін есте ұстаңыз!

Төсек-орынды ауыстырып отыру да маңызды!

Интимді өмірдің өзгеше болғанын қалайтыныңызды жасыра алмайтын шығарсыз. Өз үйіңіздің төрт қабырғасынан жалыққан болсаңыз, сезімге басқа жерде де берілуге болады. Олай болса, қонақ үйге немесе табиғат аясында бұл әрекетті сынап көруге мүмкіндігіңіз бар. Сонда ерлі-зайыптылар арасындағы суып бара жатқан сезімдер қайта жаңғырары анық. Интимді өмірдің құбылып, түрленіп тұрғанын қаласаңыз, ойын ойнап көңіл көтеріңіздер. Махаббат ойындары еркектерді есінен тандырары сөзсіз. Мәселен, сіз сексуалды киім киген медбике немесе даяшы, мұғалім кейпіне ене аласыз. Тіпті, жапондық гейшаға айналамын десеңіз де өз еркіңіз.

Сүйіктіңіз үшін кімге ұқсасаңыз да бәрібір, әйтеуір оның сезімін оятатын кейіпке енсеңіз болғаны. Эротикалық фильмдер Барлық еркектер эротикалық видеоларды көргенді ұнатады. Сондықтан да сіз де бұл мүмкіндікті жіберіп алмаңыз. Интимді байланыстың түрліше болуына мұндай видеолар жақсы көмектеседі. Фильм не видео көру барысында сол әрекеттерді жасап көруге болады. Сонда өзіңіздің де, еріңіздің де төсекке деген ынтызарлықтарыңыз артып, құштарлана түсесіздер.

Суретке түсу де сезімді оятады

Әрине, бұл жай сурет болмайды. Ерлі-зайыптылар жатын бөлмеге кіргенде өздерін жайлы сезінулері керек. Ең алдымен оған бөлменің әсемдігі әсер етеді. Содан соң түрлі іш киімдеріңізді киіп, күйеуіңіздің алдында фотомодель кейпіне еніңіз. Ол сізді суретке түсіріп, көзін тояттандыра тұрсын. Ал, сіз өз іс-әрекеттеріңіз арқылы оны ынтықтыра түсіңіз. Сонда күйеуіңіздің көңілінен шығасыз. Міне, әрбір әйел интимді өмірдегі өз рөлін осылайша дұрыс орындаса, отбасылық бақыт ешқайда қашпайды.

Дайындаған: Жайна Тынышбек,

ERNUR.KZ