Отбасы - ошақ қасы

Күйеуіңізге отбасылық мәселелерді қалай жеткізуді білесіз бе

  • Күйеуіңізге отбасылық мәселелерді қалай жеткізуді білесіз бе

    Күйеуіңізге отбасылық мәселелерді қалай жеткізуді білесіз бе

Отбасы болған соң онда мәселелер болмай тұрмайды. Ақшаның жетпеуі, үйдің болмауы, ағайын-туыстың сөзі сынды проблемаларды күйеуге қаншалықты жиі айту керек? Ер адамға мәселені қалай жеткізген жөн? Осы сауалға KAZ.NUR.KZ Ernur.kz-ке сілтеме жасап, тауып көрді.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Мәселені жиі қайталап айта беру мәселені шешуге көмектеспейді

Отбасы болған жерде үлкен-кіші проблемалар туындап тұрады. Бірақ, ерлі-зайыпты ақылдаса отырып, бірігіп, мәселенің түйінін тарқатуға тырысуы керек екені белгілі. Дегенмен, солай екен деп күйеуіңізге ойлануға, проблеманы шешуге уақыт бермесеңіз, ол шатасады. Немесе қырсығып, ештеңе жасамай жатып алуы да мүмкін.

Ер адамға жылы сөзбен, оның көңіліне келмейтіндей өтініш жасай білу керек. Көп жағдайда ерлі-зайыптылар бір-бірін тыңдағысы келмейтін кез келген мәселені отбасылық психологтың көмегімен шешуге болады. Ал, отбасылық психологтың көмегіне жүгінгіңіз келгенде күйеуіңізді ол жаққа аттап бастыра алмай, амалыңыз таусылады.

Не істейсіз?

Күйеуіңіз тұнжырап, шаршап келгенде проблеманы алдына тоса қоймай, оның көңілін жайландырыңыз. Кешігіп келсе, "қайда жүрсің? Ескертіп қойсаң болар еді ғой" деп шаптығуға асықпаңыз. Оның орнына жүзіңізді сәл жұмсартып, "барлығы дұрыс па? Кешіккеніңе уайымдадық қой. Балалар да күтіп қалды" деп күтіп алсаңыз, мағына өзгерген жоқ, тек дауыс ырғағы өзгереді.

Сұрағыңызды алғашқы тонмен қоятын болсаңыз, "ойнап жүрген жоқпын!" деп дүңк еткен жауапты аласыз. Өйткені, сұрағыңыз осылай болды. Егер, екінші тондағы дауыспен сұрақ қойсаңыз, сіздің көңіліңізді орнына түсіру үшін, уайымыңызды тарқату үшін ол өзі-ақ барлығын тәптіштеп түсіндіріп береді. Міне, осыдан кейін проблемаларыңыз жайлы оған айтып, бір-біріңізді түсіну әлдеқайда жеңілдей түспек.

Айта кетсек, бұған дейін отбасының қаражатын енесі ұстайтын, отбасылық мәселесін шеше алмаған келіншектің хикаясын жариялаған едік.

 

 




Көрілген: 587    Пікірлер: 0

жексенбі, 02.02.2020, 18:08

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Ақпан, 16:10
    Екі әйел алмаңдар!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31