Отбасы - ошақ қасы

Қылмыскерге құрбан болған гүл ғұмыр

  • © Nur.kz

    © Nur.kz

Олжас он бірінші сынып оқып жүргенде, 10″Б»сыныбына ауылдан Назым деген қыз келеді. Олжастың жəне оның достарына Назым бірден ұнайды. Назымды өзіне қаратқысы келетін жігіттер саны көп еді. Бірақ Назым Олжасты таңдайды. Екеуінің достығы махаббатқа ұласады. Олжас пен Назым мектептегі ең əдемі жəне ең жарасымды жұпқа айналады. Олардың шынайы, таза махаббатына оқушылар ғана емес, мұғалімдер де тамсана қарайды.

 

Назым жазғы демалыста ауылдағы əжесіне баратын. Олжаспен танысқалы, əжесінде бұрынғыдай үш ай емес, бір ай ғана өткізіп жүрді. Ол ауыл алыс болғандықтан жəне Олжастың онда туыстары болмағандықтан, Олжас бара алмайтын еді.

 

Олжас мектеп бітіріп, жұмысқа тұрады. Институтта сырттай бөлімде оқиды. Назым университетке грантқа түседі. Екеуі екі қалада болады.

 

Уақыт зымырап өтіп жатты. Олжас ақша жинап, машина алып, Назымға жиі барып жүреді.

 

Назым əдеттегідей жазғы демалыстың бір айын əжесінің ауылында өткізетін. Алыс болса да, Олжас Назымды көру үшін, əжесінің ауылына жиі барып жүрді.

 

Арада бес жыл өтеді. Олжас дипломын алып, ипотекаға пəтер алуға шешім қабылдайды. Назым екеуі қаладан пəтер қарастыра бастайды. Екеуінің болашақта кем дегенде екі бөлмелі пəтері, үш баласы болатыны туралы көп армандайтын еді…

 

Олжас пен Назым армандаған пəтерлерін таңдап, Олжас ипотека қамымен қалада қалады. Ал Назым дипломын алып, əжесін қуанту үшін ауылға кетеді.

 

Дипломын құшақтаған Назым əжесімен жақсы жаңалықпен бөліседі. Ол үнемі əжесімен сырласатын еді. Əжесіне Олжас ұнайтын. «Бұл баланың талпынысы жақсы, сені бақытты қылатынына сенімдімін ! Пəтерлерің құтты болсын, жарығым!»,-деп əжесі мəз болады.

 

Назым əжесімен таңғы шайын ішіп отырған кезде, көрші Мағрипа апа келеді. Мағрипа апа ауылдың «живой радиосы» болатын. Шай үстінде Мағрипа апа түрмеде ұрлық үшін жеті жыл отырып келген көрші ауылдың жігіті Русланның бостандыққа шыққанын айтады. Назым Русланды танымайтын еді. Руслан Назымнан он бес жас үлкен болатын. Руслан екінші рет мал ұрлағаны үшін отырып шықты.

 

Екі бөлмелі пəтерлеріне алатын жиһаздар туралы армандап отырған Назым, Мағрипа апаның əңгімесіне мəн бермейді.

 

Олжас ипотеканың қағаздарымен біраз уақыт жүгіреді.Үш апта Олжасты көрмеген Назым, əжесінен рұқсат сұрап, жолға шығуға дайындалады. Бұл ауылдан қалаға бару үшін, бірінші аудан орталығына жету керек еді. Назым ауылдағы «центрге» барып, аудан орталығына баратын машина іздей бастайды. Бір қызыл «Ауди» машинасы ауданға барады екен. Олжасқа тезірек баруды, жаңа пəтерді тезірек көріду ғана ойлап жүрген Назым «Аудиге» отырады…

 

Жүргізуші 36 жасар Русланға əке-шешесі:

 

«Үйлен, жеті жылың түрмеде өтті, бізге немере сыйла, арақ ішуді қой!»,-деп күнде жүйкесін тоздыратын…

 

Назым қанша қарсылық көрсетсе де, Руслан оны алып қашты. Босағаға жатып алған əжесімен жасты адамды аттап өте алмаған Назымның бақытына балта шабылды.

 

Олжастың бұл туралы естігендегі жағдайын сөзбен жеткізу мүмкін емес еді. Олжас бірден машинасына отырып, Русланның ауылына жетті.

 

«Мен өзім келдім, сені сүймеймін, кет! Мен Русланды сүйемін» ,-деп айтпасаң, мен сенің Олжасыңды сенің көзіңше өлтіремін! Түрмеде мен көп нəрсеге үйрендім, айтқанымды істемесең, Олжастың өліміне сен кінəлі боласың!

 

Бұл оқиға болғалы үш жыл өтті. Олжас екі бөлмелі пəтерінде жалғыз өзі үш жыл тұрды. Ол тек пəтерінде ғана жалғыз болған жоқ. Ол үш жыл бойы Назымды ұмыта алмады, оның орнында басқа қыздың болғанын қаламады. Бірақ Назымның жасағанын кешіре алмады.

 

Ал Назым? Назымның жағдайы тіпті қиын еді. Араққа тойып алған Руслан оны күнде ұратын еді. Назымның əдемі көздері үнемі мұңлы болатын. Назым тек кішкентай ғана балапаны Арлан үшін өмір сүрді. Арлан бір жасқа толғаннан кейін, Назым Русланмен ажырасып, өзінің əке-шешесінің қолына келеді. Сырласатын əжесі де жоқ еді. Немересінің бақытсыз өмір кешіп жүргенін көрген əжесі көп ұзамай қайтыс болады.

 

Бұл өмірде болған оқиға. Осыған ұқсас болып жатқан оқиғалар да өте көп. Əрине, алып қашқаннан бақытты болып кеткен отбасылар да бар. Бірақ Руслан сияқты өз қара басын ғана ойлаған эгоизмнің құрбандары қаншама? Руслан тек Назымның ғана болашағына балта шапқан жоқ, ол Олжас пен Назымның армандарына балта шапты. Назымның əжесі уайымнан қайтыс болды.

 

Тас дəуірінде өмір сүріп жатқан жоқпыз ғой, біреуді бақытсыз қылып, алып қашқанша, рұқсат сұрап, бақытты қылуға тырысайықшы, адамзат.

 

«Көнеді, жақсы көріп кетеді, бақытты болып кетесіңдер» деген заман өтті…


Ақсұңқар Әубәкірова
ikerim.kz/




Көрілген: 2377    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 03.08.2020, 13:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қыркүйек, 16:15
    Әйелдің өлімі...
    7 Қыркүйек, 14:38
    Күйеуімді ынтық еттім...
    2 Қыркүйек, 22:05
    Нағыз еркектен қыз туады
    1 Қыркүйек, 15:44
    Туған ағамнан жеріндім...
    31 Тамыз, 10:45
    Анама жар іздеймін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30