Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қыз алып қашу әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті (видео)

22 қараша 2021, 18:54

Әлеуметтік желіде қыз алып қашу оқиғасынан бейнежазба жарияланды. Онда бір топ әйел келін келді деп қуанудың орнына келген қызды алаяқ деп айыптауда, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

 

Бейнежазбаны Facebook қолданушысы Римма Цой өзінің парақшасында "осы дұрыс па енді?" деген жазбамен жариялаған. Видеода бір топ әйелдің жас қызға анаңды шақыр, сен бәрін біліп келгенсің деген мағынадағы сөздерін естуге болады. Ал қыз болса шыр-пыр.

 

"Айғаным, анамды алып келші. Мен осы жердемін. Мені алып қашып кетті", — дейді бойжеткен біреуге телефон шалып.

 

Бұл тұрғыда әлеуметтік желі қолданушыларының пікірі екіге жарылған. Бірі қызды қолдаса, екіншілері бойжеткеннің ақша бопсалау әрекеті дегенді алға тартуда.

 

"Қызды ұрласа, сол ұрлыққа қатысқандардың бәрін аямастан соттау керек". "Өрімдей қызды қорлағанадары несі?" "Бұл алаяқ, ақша бопсалау үшін осындай әрекетке барған", — деп жазуда желі қолданушылары.

 

 

Оқиғаның қайда және қалай болғаны әзірге белгісіз.