Отбасы - ошақ қасы

"Қыз баланың тұсауын кесуге болмайды": Қазақстандық жесір әйел көңіліне тиетін ырым-жоралғылар туралы айтты

  • "Қыз баланың тұсауын кесуге болмайды": Қазақстандық жесір әйел көңіліне тиетін ырым-жоралғылар туралы айтты

Оңтүстіктің Әлия есімді тұрғыны – екі баласын асырап отырған жағызбасты ана. Келіншектің күйеуі осыдан үш жыл бұрын өзіне қол жұмсап, көз жұмған. Жастайынан жалғыз қалған әйел ерінің бұл әрекетке не себепті барғанын білмейді. Есесіне, жесірлігін бетіне басып, жанынан алыстататын жандар көбейген. Оның үстіне ұлтымыздың салт-дәстүрлері де ерінен ерте айырылған әйелдерге біраз шектеу қояды. Тынысын тарылтып, аяғына тұсау болған жайттар туралы келіншек Stan.kz тілшісіне айтып берген еді.

Әлия 21 жасында тұрмысқа шыққан. Күйеуі өзінен алты жас үлкен болған екен. Тойдан кейін жас келіншек үйдің тіршілігімен айналысып, ата-енесінің жағдайын жасаған. Күйеуі Талғат жеке компанияда ауыр жүк көлігін айдаған. Көп ұзамай олар ата-ана атанып, дүниеге үлкен ұлдары келген. 

 
"Біз Талғат екеуміз жалпы 9 жыл отастық. Осы уақыт ішінде екі ұл баланы босандым. Бастапқыда ата-енемізбен бірге тұрдық. Кейін еншімізді беріп, бөлек шығарды. Өзіміздің күшімізбен үй салдық, көлік алдық. Балалар қатайған соң, мен де жұмысқа шықтым. Дүкенде сатушы болып еңбек еттім. Кішкене болса да, күйеуіме көмек бергім келді", – дейді Әлия. 

Кейін ер азамат банктен несие алып, кішігірім кәсібін бастаған. Әлия қолынан келгенше қолдап жүргенін айтады. Алайда көп ұзамай Талғаттың мінезі құбылып, дөрекі қылық көрсете бастаған екен. Ашушаң болып, жақындарынан алшақтай түскен. 

"Сол күні Талғат жұмысқа бармай, үйде жатты. Тіпті тамақ ішпей, телефон қоңырауларына жауап бермеді. Менің сұрақтарым да жауапсыз қалды. Кешқұрым балаларды алып, ата-енемнің үйіне кеткенмін. Біраздан кейін келгенімде күйеуімді сарайдан тауып алдым. Өзіне қол жұмсаған екен", – деп ағынан жарылды жас келіншек. 

Бүгінде Талғаттың көз жұмғанына да үш жылдан асқан. Соған қарамастан Әлия ата-енесімен жақын араласып тұрады. Балаларын жиі апарып, той-томалақтардан қалған емес. Алайда жас келіншек соңғы уақытта туысқандарының өзінен алыстағанын айтады. Әулеттің үлкендерінен "Жесір қатын – кесір қатын. Талғаттың асылып өлуі бекер емес" деген сөздерді де естіп қалыпты. Бұл жағдай жалғызбасты анаға ауыр тиіп жүр. 

"Жуырда жақын ағайындарымыздың баласы үйленді. Келін болған соң, ертерек барып көмек бердік. Әдетте, абысындар жаңа түскен келінге сырға салуға, қолтығын демеуге, құйрық-бауыр тартуға таласады ғой. Мен – әулиеттің үлкен келіндерінің бірімін, менің жолым үлкен. Дегенмен, туыстарымыз мені ешқандай салт-дәстүрлерге қатыстырмады. Тіпті отқа май құюды да маған тапсырмады. Енеме шағымданғанымда, жесір әйелдерге мұндай шараларға қатысуға болмайтынын айтты. Қара жамылған әйел, жаңа түскен келінге кесірін тигізуі мүмкін деген ырым бар екен", – деп күрсінді ол. 

Әлия бұл жағдайлардың салдарынан қатты жүрегі ауыратынын айтады. Жуырда туған інісінің келіншегі де жаңа туған сәбиін көрсетпей қойыпты. Жалғызбасты ана сыртынан айтылатын сыпсың әңгімелерден әбден мезі болғанын мойындайды. Кейбір ағайындары әлі күнге дейін Талғаттың асылып өлгеніне келіншектің өзін кінәлайтын көрінеді. 

"Ешқандай әйел жастайынан жесір болып қалуды қаламайды. Бұл тағдырдың ісі, менің не жазығым бар. Қара киімге оранып жүретін арабтар емеспіз ғой. Күйеуім болмаса да, ата-енеме сәлем беруді тоқтатқан емеспін. Орамалымды да басымнан тастағаным жоқ. Жесір әйелдің жолы ауыр болады дегенге сенбеймін", – дейді жас келіншек. 

Расымен, қазақ халқы ырым-тыйымдар мен салт-дәстүрлерге бай. 85 жастағы қызылордалық кейуана Дүйсенкүл Ашан жесірлердің жайын жақсы білетін жан. Өзі де ерінен ерте айырылған. Соған қарамастан 5 баласын аяқтандырып, талай бейнетті көрген. Әлияның бүгінгі жағдайы ол кісіге таңсық емес. 

"Қазақ ең бірінші кезекте жетімі мен жесірін жылатпаған. Бұрын әмеңгерлік салты болатын. Азаматы қайтыс болған әйелді күйеуінің жақын туысына қосатын болған. Әрине, бұл дәстүр қазір жоқ. Жесір әйел ата-енесіне сәлем бермесе де болады. Өйткені келіншекті сол шаңыраққа келін етіп апарған азамат жоқ. Қара жамылған әйелдің көпшілік көзінше көңіл көтеріп, билеп, қарқылдап күлгені ерсі. Бұрындары күйеуі қайтыс болған әйелге қыз баланың тұсауын кестірмеген. Өмір жолы ауыр болады деген ырым болатын. Сонымен қатар жесір әйелдің жас келінмен бірге шымылдырықтың ішіне отырғаны дұрыс емес. Бұл жағдайдың барлығы менің басымнан өткен еді", – дейді Дүйсенкүл әжей. 




Көрілген: 1694    Пікірлер: 0

жексенбі, 13.06.2021, 12:03

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Шілде, 23:38
    Көгілдір көзді қыз
    18 Шілде, 00:13
    Енем мезі етті
    3 Шілде, 11:52
    Екеуін де сүйемін
    10 Маусым, 09:11
    Байлыққа қызығып,...
    31 Мамыр, 12:57
    Ана сатып аламын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31