Отбасы - ошақ қасы

Қыз туды: Атырау қаласының тұрғыны 20 жыл отасқан әйелін үйінен қуып шыққан

  • Қыз туды: Атырау қаласының тұрғыны 20 жыл отасқан әйелін үйінен қуып шыққан

    Қыз туды: Атырау қаласының тұрғыны 20 жыл отасқан әйелін үйінен қуып шыққан

Атырау қаласының тұрғыны 20 жыл отасқан әйелін үйінен қуып шыққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.


Бұл туралы атырулық полиция өкілдері біліп, әйелдің баспана табуына көмектескен. Алмагүл есімді азаматша Атырауда тұрақты жұмыс табуға тырысқанын айтты. Алайда, ол үй мен бала күтушісіне бірдей төлейтін қаражат таба алмаған.


"Енем қайтыс болғанға дейін жақсы тұрдық. Артынша жалғыз ұлымызды жоғалтып алдық. Содан кейін күйеуім араққа әуестенді. Мен бесінші баламды дүниеге әкелгеннен кейін күйеуім қыз екенін біліп, үйден қуып шықты. Үйге кіргізбейді, үлкен қыздарыммен көрісе алмаймын. Анам көрші облыста тұрады. Бірақ, ол кісінің көңіліне кірбің түсіргім келмейді. Баспанам болмағандықтан, қыздарымды алып кете алмай отырмын", - дейді Алмагүл.


Полиция қызметкерлері Алмагүлге кризистік орталықты паналауға ұсыныс жасаған. Мамандар әуелі неке туралы куәлікті қалпына келтіріп, артынша баланың туу туралы куәлігін рәсімдемек. Кризистік орталықта келіншек 6 ай тұра алады. Алмагүл осы уақыт аралығында аяққа тұрып кетемін деп үміттеніп отыр.


Қазіргі таңда кішкентай қызда рахит ауруы пайда болған. Анасы қызын емдеумен айналысып жатыр.

 




Көрілген: 2330    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.07.2019, 13:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Маусым, 17:00
    Кешірші анашым...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31