Отбасы - ошақ қасы

Қыздар сәбилерін далаға тастамаса екен...

  • Қыздар сәбилерін далаға тастамаса екен...

    Қыздар сәбилерін далаға тастамаса екен...

Құрметті оқырман қауым, естеріңізде болса, 15.09.2019 жылы сайтымыздың «Отбасы – ошақ қасы» айдарына  Сәбиімді жақсы бір отбасыға бергім келеді... деген тақырыппен редакциямызға анонимді түрде келген белгісіз кейіпкердің хатын жариялаған едік. Осы хатқа қатысты біраз оқырман хабарласып, кейіпкерге жәрдем беріп, қолдау көрсеткілері келетінін айтып хабарласты.


«Алаш айнасы» сайтының әлеуметтік желідегі парақшаларына күніне небір қыз-келіншектер өздерінің бастарына түскен тұрмыстық жағдайларын, күрмеуі шешілмей жүрген күрделі сұрақтары мен отбасылық оқиғаларын баяндап хат жазып жатады. Қыз-келіншектердің ішкі сыры мен мұңын редакциямыз бірнеше жылдан бері «Отбасы – ошақ қасы» айдарымен тұрақты жариялап келеді. Біз өз тарапымыздан өзімізге хат жолдаған жанға қолымыздан келгенше көмек беруге тырысамыз, кейбірінің жағдайына қатысты психологтармен, заңгерлермен, басқа да мамандармен кеңесе отырып, мәселесін шешуге атсалысамыз. Біздің оқырмандарымыздың арасында көмекке зәру адамдарға қол ұшын бергісі келіп тұратын мейірімді жандар да аз емес. Олар да өз тарапынан жәрдем беруге әзір екендерін айтып хабарласып тұрады. Күні кеше осындай пейілі кең оқырмандарымыздың бірі Гүлжанат есімді апайымыз хабарласты. Ол кісі «Сәбиімді жақсы бір отбасыға бергім келеді...» деп бізге хат жолдаған кейіпкерімізге көмек бергісі келетінін айтты. «Мен ол қыздың мұңын түсініп отырмын, барар жер, басар тауы болмай қалғанын, құрсағындағы баласын қалай бағам деген уайымын оқып, жүрегім ауырды. Басына осындай жағдай түскенде аналар қолдауға зәру әрі оларға материалдық жәрдем керек. Мен оған көмектескім келеді. Еш жаман ойым жоқ. Ол тек баласын тастамаса екен деймін» дейді Талдықорғаннан хабарласқан Гүлжанат есімді оқырман.

Өкінішке орай, бізге хат жазған қыз-келіншектердің көбі аты-жөнін, мекен-жайын, әлеуметтік желідегі жеке парақшасын, телефон номерін толық жазбайды. Олардың көбі жасырын атпен, басқа парақшадан жазады. Сондықтан біз көмек көрсеткісі келетін оқырмандарымызға кейіпкерлеріміздің байланыс номерін бере алмаймыз.

Қиналған жанға демеу болып, қолынан келген көмегін бергісі келген оқырманның ниет-тілегін жарялап отырған себебіміз де сол, егер жоғарыдағы хат аворы көмекті қабыл алғысы келсе, редакцияға хабарласар деп үміттенеміз. Хабарласқан жағдайда кейіпкерімізді Гүлжанат апаймен байланыстырамыз.


Ескерту! "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкес бала отбасына асырап алуға, қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) патронаттық тәрбиелеуге немесе баланы қабылдайтын отбасына берілуі мүмкін. Бұл тек ҚР Заңы аясында жүзеге асырылады.


 Алаш айнасы




Көрілген: 1311    Пікірлер: 0

сейсенбі, 17.09.2019, 17:41

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Қазан, 10:43
    Күйеуім бола тұра...
    24 Қыркүйек, 10:32
    Бір өмір: әкесі мен қызы
    18 Қыркүйек, 11:18
    Төркініме кетіп барамын
    17 Қыркүйек, 11:48
    Кеш оянған махаббат
    12 Қыркүйек, 10:23
    Бәрінен шаршап кеттім
    8 Қыркүйек, 18:03
    Мен бөлеме ғашықпын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31