Отбасы - ошақ қасы

Қыздардың бәрі бірдей емес!

  • Қыздардың бәрі бірдей емес!

    Қыздардың бәрі бірдей емес!

 Мектеп кезі болатын! 14-15 жас аралығы!
Өзім жек көретін, көрсем біртүрлі болып жақтырмайтын қарсы (паралель) сыныпта бір қыз оқитын, енді сөз жоқ әдеміше келген!
Ұнатпайтын себебім әркімге қылмаңдап, өтірік күліп жүретін!

Жаңа жыл! Біздің 'б' сыныбы және қарсы 'а' сыныбы бірге болатын болды! Сонымен не керек кеш қызығы болатын! (Би, әуен, айқай-шу, абыр-сабыр)
Бір кезде ең шеткі бір бұрышта жаңағы қыз жылап отыр (қасында құрбылары жұбатып жатыр) Менде жақындадым.Сөйтсе қыздың көйлегі жыртылып қалыпты! Сосын көмектесейін деп шештім! Қалай дегенде бір ауылданбыз (ауылымыз қала шетінде 30 сағаттық жер)! Мұғалім мен қыздар бірлесіп киім тауып екеумізді таксиге отырғысып жіберді. Жол бойы көлік ішінде сөйлесіп бардық.Ол мен ойлағандай жаман қыз емес екен! Сосын ауылғада жеттік, таксиге ақшасын төлеп түсіп жатсам.Қыз айтады үйде ешкім болмауы да мүмкін деді!(үйдегілер 1-2 күнге басқа ауылға туыстармен Жаңа Жыл тойлауға кетеміз деген).Үйді бірге барып қарайықшы деді?! Аулаға кірдік есік құлыптаулы екен, бірақ кілті өзінде бар екен. Маған қарап мен қорқамын мүмкін қонып кетерсін деді?! Мен келістім!
Үйге кірісімен шәйнек қойып, өзі бір бөлмеге кіріп кетті, мен болсам отырм Тв қосып! Сосын шайға шақырды, шай ішіп отырып ананы-мынаны айтып отырмыз! Сағат 02:00 болған. Шай ішіп болып тв-қарауға отырдым.Ол болса дастарқан басын жинап, өзімізге төсек салып жатыр! Маған жерге, өзіне диванға. Тв сөндіріп жаттық ода үн жоқ менде де. Бір кезде маған қарап сұрақ жаудырды (қызың бар ма? Бұрын кіммен жүрдің т.с.с.) Мен сұраққа сұрақ қойып, жауап беріп жаттым.Әңгіме +18 ауысты маған кіммен бірге болдың деді.Мен ешкіммен және жұбайымды да пәк аламын дедім! Олда мені құптап әңгіме үстінен әңгіме жалғап таң атқаның білмей қалыппыз. 1-2 сағат ұйықтап тұрдым. Ол азаннан тұрып, шай әзірлеп жүр.Менім тұрғанымды көріп шайға шақырды. Сосын мен қалаға бару керек болған соң асығып шығып кеттім.
Бірақ сол қызды ұнаттым шыны керек бір күнде ғашық болдым. Жаңа жылдық демалыстан кейін, мектепте бір-бірімізбен сөйлесіп ауылға бірге қайтатын болдық.Араға көп уақыт салмай сезімді білдіріп, жүрдік. Мектепті бітіріп қалаға оқуға түстік.Мен оқуды бітірдім ол 9 жылдық оқуын жалғастыруда.Ал менде жұмыс.Ол оқу бітірісімен үйленеміз деп шештік.
***
Мен бұл посты жазған себебім адам-адамды сырттай тон пішіп жаман ойлау дұрыс еместігін, және қыздардың бәрі бірдей емес екендігін (ол енді адамға байланысты).айтқым келді.
***
Ал сендерге (бұл жерде 14-18 арасындағы жастарға) айтарым өмір өзімдікі деп жаман әрекеттерге бармаңдар,азда болсын ата-ана тәрбиесін еске алып өздеріне жауап бере алатындай болыңдар!
Бәріңізге бақыт және ұзақ өмір тілеймін!




Көрілген: 7521    Пікірлер: 2

сәрсенбі, 25.11.2020, 11:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Желтоқсан 2020
    Құрбым қыздарға құмар...
    20 Желтоқсан 2020
    Махаббат, махаббат деп...
    10 Желтоқсан 2020
    Жігіттер сенетін 6 өтірік

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31