Отбасы - ошақ қасы

Қыздардың есебінен күн көруге арланбаймын

  • Сурет ғаламтордан

    Сурет ғаламтордан

«Алаш айнасы» интернет басылымында жарық көрген «Ақшасы бар қызға үйленгім келеді...» атты әңгімені оқып, өзімнің қазіргі жағдайым жайында сыр шертуді жөн көрдім. Автордың жазған әңгімесіне жарыса, қызыл кеңірдек болып пікір жазғандар да қаншама. Ерінбей оларды да оқып шықтым.

 

Қазіргі заман талабы «заманың түлкі болса, тазы боп шал» деп бекер айтпаған. Бұл өмірде бәріміз де бір күн көріс үшін жүрміз. «Қалай ақша табамын, қалай байып шыға келемін» деген ой мазалайды. Бәріміз де биікке ұмтылғымыз келеді. Басымызда зәулім сарай, астымызда қос-қос көлік болғанын қалаймыз. Бақытты өмірді бәріміз де армандаймыз. Бұл әнгімені жазған автор да жоқшылықтан қатты зардап шекен болар. Мен оны түсінемін. Себебі, мен де осы бір ақша жетіспеушіліктің азабын бала кезден көріп өстім.

 

Мен Алматы облысының бір ауылында дүниеге келдім. Үйдің тұңғышы болғандықтан мені әке-шешем, ата-әжемнің қолына берді. Сөйтіп, мен шал мен кемпірдің баласы болып өстім. Бес жасқа келгенде атам қайтыс болды. Ауылдағы даңғыраған үйді әке-шешем сатып, қаладан үй алды. Бізді де сонда көшіріп алды. Шешем менен кейінгі екі інемді бөлектеп, өзінің бауырына басып, ал мені түрткілеп отыратын. Шынымды айтсам мен туған анам үшін бір өгей бала секілді болдым. Менің әрбір ісім оған ұнамайтын. Маған жекіріп ұрсып тастайтын. Біреуге ашуланса, ызасын дереу менен алатын. Мені күнде шырылдатып ұрып жатқанын көріп әжем ортаға түсетін. Кейін келе әжем екеумізді жалаң аяқ, жалаң бас қақаған қыста далаға қуып шығатын да болды. Екеуміз бір-бірімізге тығылып, жылы жер іздеп әр жерде түнеп те жүрдік.

 

Әжем тың кісі еді. Бірақ, келінінің көрсеткен осы бір кесепет қылығы ол кісінің денсаулығынан айырды. Төсекте ұзақ жатпай-ақ қайтыс болды. Әжемнен айрылған кезде мен не бәрі он жаста едім. Қорғаушымнан, қанатымнан айрылғандай қатты қиналдым. Болашағым да бұлыңғыр болды. Енді кімге барам, кімді паналаймын деп қатты уайымдадым. Туған шешемнің түрі мынау. Мені көрсе әбжыландай уын шашыратып, маған қарай атылып тұрады. Әжем қайтқан жылы қатты қиналдым. «Шешеме қалай жағамын, қалай тыныш өмір сүремін» деген ойлар мені мазалай бастады. Бала болып ойнамадым. Содан не керек, «Көк базарға» барып 2-3 келі шекілдеуік алып аялдамаға шығып сататын болдым. Зат алатын ақшамды алып қалып, қалған табысымды шешеме беріп отырдым. Мен оған ақша алып келген күні ғана жағатынмын. Ойын баласы емеспін бе, бір күні балалармен ойнап, шекілдеуігімді сатуды ұмытып кетіп, үйге дорбамды арқалап қайттым. Сол күнгі айқай-шуды көрсеңіз. Ұлы Отан соғысы жолда қалып қойды ғой. Сөйтіп, шешем мені түннің бір уағында шырылдатып үйден қуып шықты. Есіктің алдында таң атқанша тұрдым. Сол кезден бастап, әбжылан шешемді алдап күн көруге көштім. Күнде шекілдеуігімді, салқын суымды сатып бір отбасын асырап жүрдім. Өмірде біраз нәрсені үйрендім. Әсіресе, әйел затының психологиясын жақсы меңгердім.

 

бермеді. Сырттай оқуға түстім де, жұмыс іздеуге көштім. Шағын бір фирмаға жұмысқа ораналастым. Жұмыс жасаймын, бірақ қолыма көк тиын да ұстамаймын. Шешем қалтамдағы ақшаның тиынына дейін қалдырмай қағып алып отырады. Шағын фирмамыздың бастығы жиырма бестен асқан әйел болатын. Тұрмысқа шықпаған жалғыз басты жан. Фирмаға келіп, сұсты жүзімен бәрімізді бір шолып кететін. Бастығымыздың жүргізушісі отбасылық жағдайына байланысты ауылына көшетін болды. Қасымдағы жігіттерден «бастық жүргізуші іздеп жүр екен» дегенді ести сала, бастықтың кабинетіне шауып бардым. Өзімнің көлік жүргізе алатынымды бәрін баяндап бердім. Біраз үнсіз маған қарап отырды да «ертеңнен бастап сен менің жүргізушім боласың» деп кесіп айтты.

 

Сөйтіп, бір сәтте жүргізуші болып шыға келдім. Бастығымды ары-бері тасып жүрдім. Бос уақытым көп. Көлікті жуғызып келемін деген сылтаумен шығып кетіп көше аралап адамдарды тасып ақша да жасайтын болдым. Ақ адамдар секілді сенбі және жексенбі күндері демаламын. Қала аралап адамдарды тасып жүргенде бастығым қоңырау шалып үйіне келуімді айтты. Алып-ұшып бардым. Есігін айқара ашқан бастығым жан-жағына қарап үйіне кіргізді. Сөзін бастай алмай біраз кідіріп те тұрды. «Мен бүгін құрбыларыммен кездесемін. Ол жерге бірі күйеуімен, ал екіншісі жігітімен барады. Сен бүгін кешкісін менің жігітімнің рөлін ойнайсын. Бәрін керемет орындап шықсан жақсы ақша төлеймін» деп айтты. Мен көп ойланып тұрмадым. Бірден келістім. Іздегенім алдыма өзі келгендей, қуанып кеттім.

 

Екеуміз қымбат дүкенге бардық. Бастығым маған бастан-аяқ су жаңа қымбат киімдер алып берді. Шырттай киініп, сұлу жігіт болып шыға келдім. Екеуміз қос ғашықтай қол ұстасып тойға бардық. Бәрі керемет өтті. Бастығым да көңілді. Менің көрсеткен қызметіме риза болғаны соншалықты өзінің айтқан бағасынан екі есе асырып 2000 АҚШ долларын атып жіберді. Еріккен байдың әйелдері осылай ай-сайын жиналып тұруға келісті. Жолымның болғанына іштей қуандым. Себебі, оңай жолмен ақша табатын болдым. Бастығымыз екеуміз жарасымды жұптай сызылып ай сайын кездесуге барып тұрдық. «Ойыннан от шығады» деп бекер айтпаса керек. Күндер өте келе екеуміздің арамыздағы өтірік махаббат шынға ұласты. Бастығымның жігіті болып оның сеніміне де кіріп алдым. Сырт көзге қарағанда оны өліп-өшіп тұрған адамдай көріндім. Таныстарының, қызметкерлерінің алдында ғашығымды еркелетіп бақытқа бөледім. Махаббат ләззатына рахаттанған бастығымның аяғы ауыр болып, қызымыз дүниеге келді. Заңды түрде үйленбесек те, бәрі бізді ерлі-зайыпты деп қабылдайтын. Ал, менің бар ойым «бастығым арқылы үй алып, су жаңа көлік міну» еді. Сөйтіп, екеуміз бес жыл тұрдық. Осы уақыттың ішінде үй алып, су жаңа көлікті те міндім. «Маған ақша керек болып тұр» деп мың түрлі сылтауды айтып қомақты ақша да ала бастадым. Оны жылатып алып жинаған қаржыға жеке кәсібімді де аштым. Оған білдірмей бизнесімді жүргізіп жүрдім. Күндердің күнінде бастығым «банкрот» болды. Қызымызды ауылдағы әке-шешесінің үйіне жіберді. Байлығы таусылған адаммен қалай тұрмақпын. «Ата-анам ауылға көшіп барады мен соларды сонда көшіріп орналастырып қайтып келемін» деген сылтауды айтып тайып тұрдым.

 

Оңай жолмен ақша тапқан адам, қара жұмысқа я болмаса басын қатырып жүргісі келмейді екен. Сөйтіп көп кешікпей мен екінші май шелпегімді таптым. Міне осындай жолмен ақша табуды әдетке айналдырдым. Осы кезге дейін бір емес, бірнеше қызды пайдаландым. Қазір әбжыландай арсылдаған шешем де райынан қайтқан. Себебі, мен оны үлде мен бүлдеге бөлеп қойдым. «Жегені алдында, жемегені артында» шалқып өмір сүріп жатыр. Артымнан ерген екі інімді оқыттым. Жағдайымыз жақсарып, ел қатарлы өмір сүріп келеміз.

 

Нәзік жанды әйелдерді жылатып қомақты қаржыға кенелдім деп арланбаймын. Солардың ақымақтығына алғысымды білдіремін. Қазір жасым 28-де. Мектепті жаңа бітірген жас қызға үйленуді ойлап жүрмін. Ауылдың қарапайым қызы, бала тәрбиесімен айналысып, айтқаныңа көніп үйде отыра береді емес пе?! Ал, мен болсам әйелдерді алдап соғып, қомақты қаржы тауып жүре беремін.

 

Сүймесең де, қалталы қызға үйленіп азап өмір кешкенен гөрі, біреуді алдап соғып байлыққа кенелген дұрыс деп есептеймін. Менің қандай жолмен ақша тауып жүргенімді туған-туыстарым, достарымның бірі де білмейді. Оларға менің қалтамдағы ақша ғана керек. Ал, «ол қайдан келіп жатыр» деп біреуі де бас қатырмайды.

 

Қандай жолмен тапсаңда қалтаңда ақшаң болғанға не жетсін. «Ақшаң болса қалтаңда, талтаңдасаң – талтаңда» деп бекер айтпаған. Дәулетің болса мәртебең де артады. Айналаңдағы адамдардың саған деген көзқарасы да өзгереді. «Көп нәрсені ақша шешеді» деген сөзге мен сенемін.

 

Алматының орталығында орналасқан зәулім үйде тұрамын. Астымда қара «Тойота» маркалы джипім бар. Мектепті биыл бітірген қыз бар ма? Маған тұрмысқа шығатын. Бар жағдайын жасаймын. Тек менің әбжыландай арсылдаған шешемнің тілін тауып, маған маған бала туып беріп отырса болды.


Бауыржан, Алматы

alashainasy.kz/ 




Көрілген: 1577    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.09.2020, 13:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қазан, 22:10
    Баланың киесі ұрады
    10 Қыркүйек, 16:15
    Әйелдің өлімі...
    7 Қыркүйек, 14:38
    Күйеуімді ынтық еттім...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31