Қыздың жыныс мүшесіне 2л су құйған емші детектор арқыл шындықты мойындады

25 қаңтар 2023, 15:15

Экс-имам Данияр Саймасаев ем іздеп келген қызды емдеймін деп, жыныс мүшесін сипалағаны, ол жеріне құран сүрелері жазылған суды құйғаны анықталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Сaravan.kz-ке сілтеме жасап.

Өзін емшімін деп таныстырған Данияр Саймасаев ютуб каналындағы 77 мың оқырманы бар каналы өшірілген. Саймасаев ақылы түрде жасалған деп мойындады. Бұл туралы "Астарлы ақиқат" бағдарламасында айтылды.

 

Бағдарлама барысында Саймасаевқа детектор жасалды. Емші де өз келісімін беріп, сұрақтарға жауап берді. Оқиға Түркістан облысында болған.

 

Емші Саймасаев құран сүрелерін компьютерден шығарып, 5 литрлік суға салып, ішірткі жасағанын мойындады.

 

- Ия, солай жасадым. Ішті тазалайды. Бірақ, мен ол қыздың жыныс мүшесіне жын кірді деген жоқпын. Оны айтқан қыз бен оның шешешсі. Біз барлық жерге барып шаршадық. Өзіңіз емдеп беріңіз деп қоймаған соң, емдеуге келістім, дейді өзін емішімін деген Саймасаев.

 

- Аяулымның жыныстық мүшесіне саусақтарымды тыққан жоқпын, деген сөзі жалған болды. Детекторлық аппарат емшінің жалған айтқанын дәлелдеді.

 

- Қолыма перчатка кидім. Қолымда груша болдым. 200 мл ғана су құйдым.

 

Емші қыздың жыныс мүшесіне 5 литрлікке құран сүресі жазылған суды құйғанын да мойындады.

 

Сонымен қатар, детоекторлық аппарат емшінің қыздың жыныс мүшесін сипалағынын да дәлелдеп берді.

 

Бағдарлама соңында, емші Данияр Саймасаев халықтан өз қателіктері үшін кешірім сұрап, қайталамауға бар күш-жігерін салатынын айтты.