Отбасы - ошақ қасы

"Қызғанамын": Жас келіншек алтыншы баласын босанған енесіне шамданды

 Тұрмыстағы келіншек 45 жастағы енесінің өмірге алтыншы баласын әкелгенін сөз етті. Айтуынша, әйелдің күйеуі анасын ойлап, уайымдап жүр екен. Кейіпкер кезінде өзіне көмектеспеген жолдасына ренжіп, оның бар ойы мен көңілі енесіне ауып кеткенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы келіншек Instagram-дағы zhenskaya_blogika парақшасында жазды.

Оның сөзінше, ол бес баласы бар 45-тегі енесінің алтыншы баласына жүкті болғанына көңілі толмаған.

Айтуынша, үйлері онсыз да балаға лық толы екен. Сондай-ақ, ол кезінде өзіне назар аударылмаса да енесіне көп көңіл бөлінетініне қапалы.

"Тұрмыстамын. Күйеуімінің отбасында бес бала бар. Ол ең үлкені. Жуырда енем алтыншы баласына жүкті болды. Мен оның жасы 45-те екенін білгенде таңғалдым.
Бала деген бақыт, бірақ оны естігенде өзімді жайсыз сезіндім. Онсыз да үйіміз балаға толы. Бүгін енем босануға кетті. Күйеуім оны қатты уайымдап жатыр.

Өзім іштей қызғана бастаған сияқтымын. Себебі мен баламды босанған кезде ол іссапарға кетіп, жанымда болмады", - деп ағынан жарылды кейіпкер.
Келіншек өзі бала босанған кезде енесінің түсіністік танытпай, түртпектей бергенін де айтып қалды.

"Жүйкем жұқара бастады. Баламды босанған кездегі халім көз алдыма елестей береді. Ол кезде маған ешкім көмектеспеді, жалғыз едім. Енем де құр жатпай, тұр деп түртпектей беретін. Бір сөзбен айтқанда жайсыз сезінемін өзімді. Ата-енемнен бөлек шыққым келіп жүр, бірақ күйеуім оны қаламайды", - деп ағынан жарылды кейіпкер.

KAZ.NUR.KZ.




Көрілген: 1937    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.02.2020, 20:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31