Отбасы - ошақ қасы

Қызғаншақтығым бір күні түбіме жете ме деп қорқам

  • Қызғаншақтығым бір күні түбіме жете ме деп қорқам

    Қызғаншақтығым бір күні түбіме жете ме деп қорқам

 Мен он сегіз жасар кезінен бір жігітке жүрегін сыйлаған қаракөз сіңілілеріңіздің бірімін. Қазір жасым жиырмадан асты. Құдайға шүкір, тағдыр қосқысы келетін жігітім де бар. Мен оны сүйетінім соншалық қатты қызғанамын. Қазір екеуміз екі жақтамыз. Оны ешқайда шығармаймын. Шығатын болса мені ұмыт деп, ренжісіп қаламыз. Ұсақ түйектің бәріне мән беремін.Мінезімде бір қыңырлық бар.

Негізінде отбасында үш ағадан кейін жалғыз қызбын. Бірақ мені ешқашан еркелеткен емес. Содан да болар бәрі маған көңіл аударып, жақсы көрсе екен деймін.

Кейде өзімді өзім түсінбей қаламын. Әр нәрсені бір ойлап күнде жылаймын. Оның бұрынғы жүрген қызына да маза бермеймін. Қазір әлеуметтік желілер өте көп. Бәріне тіркеліп алдым. Сол арқылы ол қыздың жігітіммен шаруасы жоқ екенін білдім. Бірақ "ауру қалса да әдет қалмайды" дегендей қызғануды қоя алмаймын.

Жігітім айтады "қызғаншақтығың бір күні түбіңе жетеді" деп. Бәрібір өзімдікі дұрыс сияқты көрінеді. Менде психологиялық ақау бар ма деп те ойлаймын. Әйтпесе шектен тыс қатты қызғаншақ болмас едім ғой.

Анама айтсам, анам жөнді кеңес бере алмады. Қасымда болса, бəрі жақсы. Қасымнан ұзаса, арамыздан мысық жүріп өткендей ренжісіп жатамыз. Еркелік пе? Қызғаншақтық ауру ма? Бұл мінезбен жігітімнен ажырап қалатын сияқтымын. Қашанғы менің бітпейтін қызғаншақтығыма шыдайды? Не істейін?
 




Көрілген: 1382    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.06.2020, 09:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31