Қызғаншақтығымнан күйеуім менен суып кетті

Қызғаншақтығымнан күйеуім менен суып кетті

  Мен өзімнің қызғаншақ екенімді тұрмысқа шыққан соң байқай бастадым. Бұрын өзіме сенімді қыз секілді едім. Тұрмысқа шыққалы, өзіме деген сол сенімімнің қайда қалғанын білмеймін. Үнемі басқалардың бәрі менен артықтай, күйеуім біреуге кетіп қалардай үрейде жүретін әдет тауып алдым. Қазір ойласам күйеуім алғашқы кездері мен күдіктенерліктей ірекет те жасамапты. Тек менің орынсыз қызғанып, ұрыс шығара беруім оның да шектен шығуына әсер еткен секілді.


Біздің шаңырақ құрғанымызға үш жылдан асты. Қазір ойлап отырсам қызғаншақ қасиетім де сол кездерден бой көрсете бастаған секілді. Қит етсе жолдасымның қалталарын тіміскілеп іздеп, ұялы телефонын тексеріп, әбігерленетін де жүретінмін. Болмайтын бір нәрсе тауып алсам, тіпті мен танымайтын әйел адамның аты ұялы телефонында кездессе өз көңіл күйімді өзім бұзып, қараптан қарап тиісетін нәрсе іздей бастаушы едім. Бірнеше рет қызғанған адамым өзінен 20 жас үлкен жұмыстағы әріптесі болып шығып, ұятқа да қалдым. Бірақ бәрібір қызғанышымды баса алмадым.
Бір жерде «жігіттермен кездесіп, отырамыз» десе бірден артынан іздеп баратынмын. «Жігіттер өзді өзі демалып, қыдырып қайтеді қыз шақырып демалмақшы» деген ой тұратын. Осы әрекетімнен таяқ та жедім. Бірақ қызғаншақ қасиетімді қоя алмадым. Күн сайын әр нәрсені қызғанып, шығара беретін ұрыстарымнан қажыды ма, қазір жолдасым реакцияма пысқырып та қарамайды. Тіпті кеш келетін күндері ескертпейтін де болды. Туыстарына айтып, тәртіпке шақырайын десем өзімнің ісім өзіме аян, керсінше бәрі мені ортаға алып, жабылып кете ме деп қорқамын. Өйткені қызғанамын деп шектен шығып кеткенім өзіме аян. Қазір кеш келген күндері «біреу міреуге барды ма» деп күдіктенейін десем, «үйреншікті әуенің ғой» деп тіпті тыңдамайды да. Кеше ұрыс кезінде «басқа әйелге қарау деген ойымда да жоқ еді, сен жақсы есіме салдың» деді. Шын ойымен айтты ма, әлде мені ерегістірудің амалы ма, ұға алмадым. Қазір қасыма да жақындамайды. Кешке еркелеп қасына жақындасам кірпідей жиырылады. Тіпті өткенде бір сөзінде «мені үстап тұрған Айдана ғана» деп қалды. Айдана қызымыз ғой. Үйленгенімізге үш жыл болмай жатып, суытып алғаныма өкінем.
Сіңліме айтсам, «психологке барсай» дейді. Психолог көмектесе ала ма, не істесем болады? Қатемді түсінгенмен, әдет па білмеймін, әрбір сөзінен күдіктеніп, қызғанып тұрамын. Қызғаншақтық шаршатты. Кімнің басынан мұндай жағдай өтті? Отбасымыздың болашағы бар ма? Ақыл беріңіздерші.

Алмира, Алматы қаласы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста