Қызқұмар досым ақыл тоқтатар емес...

Қызқұмар досым ақыл тоқтатар емес...

Мен бүгін «Алаш айнасындағы» «Отбасы – ошақ қасы» айдарына өзімнің досым жайлы жазуды ұйғардым. Менің досымның басынан өткен оқиға біраз жігітке сабақ болса екен деймін.

 

Біз Жанболат екеуміз бала кезімізден бірге өстік. Екеуміз көрші тұрдық, бір мектепке бардық, ата-аналарымыз да жақсы араласады. Жанболат менен бір жас кіші. Мен 5 сыныпта оқып жүргенде олар Алматыға Қызылорда қаласынан көшіп келген еді. Қаланың балалары бір аулада ойнап жүріп танысады, достасады емес пе? Жанболат екеуміз бір-бірімізбен тез тіл табысып, жақсы дос болып кеттік. Оның бойы ұзын, өзі шымыр, сымбатты бала. Менің бойым одан аласа болатын. Бірақ мен де досыма қарап талпынып, спортпен шұғылданып, бойымды өсіруге талпынатынмын. Жанболаттың өзінен үлкен ағасы және інісі бар. Менің де өзімнен кейінгі інім бар. Екі үйдің балалары туған бауырлардай болып кеттік. Мектепте бірге оқитын кластас ұлдардың бәрін өзіміздің аулаға шақырып, шу шұрқан болып ойнайтынбыз. Талай рет төбелестік те, бұзықтық та жасадық, әйтеуір балалық шағымыз көңілсіз өткен жоқ.

 

Балалық шақтағы қызықтарымызды айта берсем, настольгияға беріліп, үлкен бір шығарма жазып тастайтын түрім бар. Одан да оқырманға айтайын деген негізгі оқиғаға көшейін.

 

Менің досым Жанболат жасөспірім кезімізден қыздарға өте жақын болды. Өзі сымбатты, өзі сүйкімді бала кез келген қызды өзіне баурап алатын. Мектептегі би кештерінің бәрінде оның жанында қыздар топталып жүреді. Мектеп бітіруге аз уақыт қалғанда оның жүрген қыздарының арасында тіпті жүкті болып қалғандары да болды. Оның біріне ақша беріп құтылды, енді бірі тіпті босанып та алды. Бірақ Жанболат олардың ешқайсысына үйленетін ойы да болған жоқ. Ол кезде бәріміз де жаспыз, қызбен жүріп, жақын қарым-қатынасқа барып, оны алмай тастап кетудің жауапкершілігін сезіне қоймаған шағымыз.

 

Қызбен жүрмейтін жігіт болсын ба? Бәріміз де жүрдік. Мен де қыздармен тез тіл табысып, жақсы дос болып кететінмін. Өзіме ұнаған қызды сыйлап, үйіне шығарып салып, қолымнан келгенше сыйлық жасауға тырысатынмын. Қыздың қолынан ұстап, алғаш сүйіскенімізге мәз болып жүрген кезіміз ғой. Бірақ мен ешқашан қызды алдап, дегеніме көндіру туралы ойлап та көрмеппін. Жалпы табиғатымда қызқұмарлық жоқ десем болады. Егер мен бір қызбен жүрсем, басқа қызға қарау туралы тіпті ойламайтынмын. Сондықтан болар өзім бір қызбен жүріп, соған үйлендім. Түу, мен досым туралы жазып отырып, өзімді айта беріппін-ау. Бірақ мен шынымды айтып отырмын, мақтанды деп ойлап қалмаңыздар. Бәлкім жігіттер қызға бармаған жігіт нағыз еркек пе дейтін де шығар. Бірақ менің түсінігімде нағыз еркек әйел затын сыйлап, аялай білетіндігінде.

 

Жанболаттың талай қызды жылатып, көз жасына қалғанын өз көзіммен көріп, куә болдым. Дос ретінде шамам келгенше ақылымды да айттым. Бірақ ол үнемі қыздардың өзі оған жабысып, маза бермейтінін айтып ақталатын. Расында да не сиқыры бар екенін оның қасына келген қыздар бастары айналып қалатын. Әуелі бір-бірімен Жанболат үшін ұрсысып, оған таласқан қыздар да болды. Ал біздің сері жігітке не керек? Бірінен бірі өткен қыздардың арасында өзін ханзададай сезініп жүретін. Оның әдеті бір қызбен жүріп жүреді де, басқа бір сұлу қыз көрсе, оны өзіне қаратып алғанша асығады. Соңғы ақшасын шашса да, бірнеше күн қыздың ауласын торыса да әлгі қызды өзіне қаратпай қоймайды. Сөйтіп оп оңай өзінің жүріп жүрген қызына ештеңе түсіндірместен басқа қызбен жүріп кете барады. Оның бірнеше қызы «досың мені неге тастап кетті, менімен тіпті сөйлеспейтіндей не істеп қойдым, досыңа айтшы, менімен сөйлессінші» деп бізге, яғни Жанболаттың достарына жалынатын да жүретін.

 

Әлі есімде Жанболат 3 курс оқып жүргенде өзінің бір топта оқитын курстасымен бір айда кім қанша қызға сөз айтып, қанша қызбен жүре алатынына бәстесті. Кім көп қызбен жүрсе, қарсыласы оған 100 доллар беретін болды. Сонда Жанболат бір айда барынша көп қызбен жүру үшін тіпті 100 доллардан артық ақша шашып тастады. Сонда деймін-ау, бұл не бәсекелестік?

 

Достарымыздың арасында ең ерте отбасын құрған мен болдым. Менің тұңғыш қызым дүниеге келгенде Жанболат өзінің жүріп жүрген қызын ертіп, үйге қонаққа келді. Ол қызды бізге қалыңдығы ретінде таныстырды. Менің әйелім мен досымның қалыңдығы оңаша сөйлесіп отырғанда біз де сыртқа шығып біраз әңгімелестік. Сонда Жанболат: «Диана өте беделді шенеуніктің қызы. Егер бұл қызға үйленсем, менде бірден пәтер де, көлік те болады» деді. Мен сонда досыма: «Әрине, кімге үйленетініңді өзің шешесің ғой. Бірақ мен сенің орныңда болсам, жақсы көрмеген адамыма жағдайы жақсы болғаны үшін үйленбес едім. Алғаш үйленгенде бәрі жақсы, бірақ кейін әйелің үй де, дүние де, көлік те өзінікі екенін айтып бетіңе басып отырса қайтесің, өз басым ондайды көтере алмайтын едім» дедім.

 

Біраз уақыттан кейін Жанболат Дианаға үйленді. Тойлары ең қымбат мейрамханада өтті. Жанболаттың ата-аналары қалада баспаналары бар демесеңіз, өте қарапайым тұратын. Балаларын үйлендіру үшін қарызданды да, несие де алды. Екі жастың тойында Жанболаттың қайынжұрты бірден 3 бөлмелді пәтердің кілтін, су жаңа көлік сыйлады күйеубалаларына. Қысқасы, Жанболат бір-ақ күнде байып шыға келді. Әйелі те пысық болып шықты. Күйеуін бірден үлкен ағасы жұмыс істейтін компанияға жұмысқа тұрғызды. Жанболат колледжді ғана бітірген. Үйленгеннен кейін әйелі оның жоғары оқу орнына да түсірді. Алғашқы бір-екі жыл Жанболат майшелпекте өмір сүрді. Дүниеге қызы келді. Бірақ ауру қалса да, әдет қалсын ба, ол отбасын құрғаннан кейін де қыздармен қыдыруын қоймады. Қалтасында ақша, үстінде қымбат киім, астында қымбат көлік. Бұрынғы қыдырған қыдырған ба, ол тіпті құтырып кетті. Кейде бір кластастар жинала қалсақ, қасына әйелін емес, небір жас қыздарды ертіп келетін. Бәрімізге менің үйленгенімді айтпаңдар деп ескертіп қоятынын қайтесің, сосын қасына ертіп келген қыздарына өзінің телефон нөмірін бермеуімізді өтінеді. Мен Жанболаттың осындай қылығынан әбден көңілім қалып, тіпті араласпай кеттім. Оның үстіне Диананың мінезі де өте тік болатын. Өзін үнемі бізден жоғары сезініп, менсінбей тұратындай көрінеді. Бірде Жанболат біраз ішіңкіреп алып, рөлге отырмай біздің үйде түнеп қалған болатын. Сонда түн ішінде Диана келіп, айтпағанды айтып, көліктің кілтін жұлып алып кеткенін де өзі көзіммен көрдім. Сол кезде-ақ олардың отбасылық өмірі ұзақққа созылмайтынын сездім.

 

Жанболат пен Диана 4 жыл бірге тұрды. Осы уақыт ішінде олар бір-бірімен ит пен мысықтай болып, соңында ажырасып тынды. Диана ешқашан Жанболатты, оның ата-анасын сыйлаған емес. Біз де бір де бір рет Жанболаттың есігін ашып көрмеппіз. Тек бір рет қана барып, сырттан қайтқанбыз. Өйткені олар досымыздың емес, оның әйелінің шаңырағы болатын. Сонымен Жанболат әйелімен ажырасқаннан кейін ата-анасының үйіне қайтып барды. Ал бір жылдан кейін Диана басқа бір жігітке үйленіп те үлгерді.

 

Қазір ойлап отырсам, адам өзінің тағдырын өзі жасайды. Жанболаттың басынан осындай жағдай өтсе де, ол әлі өзінің қызқұмарлығын қоя алар емес. Міне, ол ажырасқалы да 4 жылдан асты, ал ол болса әлі әр қызбен бір жүріп сайрандап жүр. Естуімше ол пәтер жалдап тұрып жатыр екен. Жақында өзін көшеден кезіктіріп қалдым, қасына кәрістің қызын ертіп алыпты. Жасы болса отыздан асып кетті, досым қашан тұрақты отбасын қүрып, ақылға келер екен?...

 

 

Ғани, Алматы

alashainasy.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста