Отбасы - ошақ қасы

Қызымды қалдыр да, өзің кете бер...

  • Қызымды қалдыр да, өзің кете бер...

    Қызымды қалдыр да, өзің кете бер...

 Салеметсіздер ме? Тіпті неден бастарымды білмей отырмын. Өтінемін, мені сөге кормеңіздерші. Маңдайыма жазғаны осы болар. Жасым 24-те. 1 кызым бар. Былтыр өзімнен кіші жігітке тұрмыска шықтым. Келін болғаныма 1 ай болғанда куйеуімді әскерге  алып кетті. Некеге отырып үлгермедік. 


Менің аяғым ауыр болған. Енемнің касында калдым. Енем, 2 қайын апам, 1 кайын ағам және 1 кайын інім бар. Алғаш келін болып түскенде еш нəрсе байкамаппын. Сөйтсем үйде 2 кайын апамнан баскалары оңбай калган адамдар екен. Маған ауыл адамдары сенің енең оңбаған адам ғой, бір үйде калай тұрып жатсың деп көп  айтты. Сонда да енемді жақтап, абыройын тусірмедім. 2-3 айдан кейін енем де мінезін көрсете бастады. Куйеуім хабарласып, хат жазып тұрды. Сөйтіп уақыт өте берді. Ай күнім жетіп калды. Тіпті асып кетті. Бірақ ешкандай толғак болмаған соң порталмен перзентханаға  потология бөліміне жаттым. 10 күн жатып, болмаған соң толғақ шақыратын дәрі  салды. Екі күн толғатып жүрдім. Өзім эпилепсиямен ауырамын. Оның үстіне зоб бар. Əйтеуір не керек, ауруым қатты қысқан соң амалсыз операциямен алды. Қуырдақтын көкесін түйе сойғанда көресің демекші, қызықтың бəрі босанған соң басталды. Операциямен алган соң ішім калып койды, толыксып кеттім. Әңгіменің тоқ етері күйеуім хабарласпай кетті. Хабарласса да, айтатын əңгімесі  "өзің кайда кетсең, онда кет, қызымды тастап кет" дейді. Енем де баласының сөзін сөйлеп, маган аурусың, сені бағып отыра алмаймын деп мені үйден қуып шықты. Амал жоқ, əке-шешеме келдім. Қазір жасап жатқан жұмысым жоқ,  әке-шешемнің қолына карап отырмын. Арасында 2 кайын апам,  Алла разы болсын, кызымның сүтін,  памперсін, киімін алып беріп, көмектесіп тұрады. Ұзак болса, кешіріңіздер. Ойымды жинақтай алмай отырмын. Сөге көрмеңіздер. Енді сұрайын дегенім, жоғарыда айтып өткенімдей куйеуіммен некеге отырмадым, алимент алуға құқығым бар ма?




Көрілген: 2769    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.04.2019, 20:57

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Қазан, 10:43
    Күйеуім бола тұра...
    24 Қыркүйек, 10:32
    Бір өмір: әкесі мен қызы
    18 Қыркүйек, 11:18
    Төркініме кетіп барамын
    17 Қыркүйек, 11:48
    Кеш оянған махаббат
    12 Қыркүйек, 10:23
    Бәрінен шаршап кеттім
    8 Қыркүйек, 18:03
    Мен бөлеме ғашықпын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31