Отбасы - ошақ қасы

«Маған бәрібір»: Нигериялық азаматқа тұрмысқа шыққан қазақ қызы өзін «толық«» деп сөккендерге жауап берді

  • «Маған бәрібір»: Нигериялық азаматқа тұрмысқа шыққан қазақ қызы өзін «толық«» деп сөккендерге жауап берді

    «Маған бәрібір»: Нигериялық азаматқа тұрмысқа шыққан қазақ қызы өзін «толық«» деп сөккендерге жауап берді

Жалпы соңғы кезде менің салмағымды, мүсінімді әңгіме қылып жүргендер көп. Арықтау тәсілдерін айтып, кеңес беріп жатыр.

Нигериялық азаматпен бас қосқан атыраулық келіншек Зайда Жаңабаева "толық болғандықтан қазақ жігіті алмады" деп өзіне мүсіркей қараған жандарға жауап берді. Ол осы қалпында бақытты екенін және дене мүсініне көңілі толатынын айтып, желіде жазба қалдырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ .

"Жалпы соңғы кезде менің салмағымды, мүсінімді әңгіме қылып жүргендер көп. Арықтау тәсілдерін айтып, кеңес беріп жатыр. Қазақтар мені алмайтын еді дейді, себебі олар үшін тым толық екенмін. Бұл сөздеріне тым сенімді. "Алмайды оны, енді не істейді?!" дейді. Ал мен болсам, осы кісілердің ойында не бар екен деп таңғалам. "Ол толық, қазақтар алмайды, оларға модель керек" деу арқылы олар нені дәлелдегісі келеді? Тіпті соңғы кездері нутрициологсымақтар хабарласып, "көмек керек емес пе?"деп сұрайтын болыпты", - дейді Заида.

Айтуынша, ол елдің мұндай көмегіне мүлдем мұқтаж емес, себебі өзін осы қалпында жақсы сезінеді. "Менің денем, мүсінім маған өзіме ұнайды. Ал сіздердің пікірлеріңіз бен кеңестеріңізді елемеймін. Қазақтарға да толық қыздар ұнай ма-ұнамай ма, маған бәрібір", - деп жазды ол.

Зайда, сонымен бірге, қыздарға өзін-өзі жақсы көру керектігін ескертті. "Бастысы, өзіңізді өзіңіз жақсы көріңіз. Бұл сезіліп тұрады. Адам өзін-өзі жақсы көрсе, бұл оның жүзінен көрінеді. Сенімді болу, өзіңді қабылдау, өзіңнің қазіргі қалпыңнан ләззат ала білу - керемет нәрсе. Шыны керек, осы уақытқа дейін көптеген сымбатты жігіттер маған сөз салған", - деген музыкант қыз өзгенің жүрегін жаулау үшін әйел өзін ханшайымдай сезіну керектігін баса айтты. 




Көрілген: 2487    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.10.2021, 00:46

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Қараша, 15:28
    Енем жігіт тауып алды
    16 Қараша, 09:31
    Әйелімді қимаймын...
    16 Қыркүйек, 11:55
    Қайнымнан шаршадым...
    13 Қыркүйек, 14:35
    Тұрмысқа шығуға қорқам...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31