Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Махаббат қарын тойғызбайды деген рас екен

22 тамыз 2020, 08:59

 Адам іштен тынып жүруден жалығады екен. Мен де іштегі мұңымды сіздермен бөлісуді жөн көрдім"Сырласудың" оқырмандары.

Күйеуге шыққаныма жеті жыл. Күйеу мені бағып жатқан жоқ. Мен оны бағып жатырмын. Ауылда жұмыс жоқ деп, аузын құр шөппен сүртеді. Көрші-қолаңның бітпей жатқан жұмыстарын бір жартыға жасайды.
Анасы сияқты бағудан жалықтым. Үйде иіліп жерден шыбық алмай, көршінің есігінің алдын жылан жалағандай етіп тазалайды. Есік алдындағы шөптің өзін ормайды. Құр сөйлетеді. Адам деп əңгіме айтсаң, мені мазақтап отырады. Ақылы келте адам кекетіп-мұқатқанға ұста болады екен. Жұмыстан шаршап келгенде жүйкемді жейді. Шаршадым...
Балаларды өзім үшін өмірге əкелгендей сезінемін. Балалар не жейді? Не ішеді? Оған бас қатырмайды. Өзінің бір жартысы табылса, құлағы тыныш болғаны жақсы. Махаббат қарын тойғызбайды деген рас-ау. Көңілімдегі сезімнен бүгін түк қалмаған...
Табыс таппағанына да көнер едім. Ішімдік ішпесе. Ішімдік ішкенімен тұрмай қоймай дүкенен қарызға алып ішетінді шығарды. Айлық алсам, көрші келіншек "қарызыңызды қашан қайтарасыз?"дегенде" не қарыз?" деп таң қалғанмын.
Сөйтсем күйеуім күнде арақты қарызға алып іше береді екен. Жартысынан көп айлығым қарызға кетіп, бала шағамның аузындағысын жырып бергеніме үйге налып келдім.Оны көрген алты жастағы қызым: "Анашым қапаланбашы, ертең біз өскесін жұмыс істеп, көмектесеміз. Сізді отырғызып қоямыз, емдетеміз Ербол екеуміз " дегенде еріксіз жылап жбердім.
Тек осылар үшін ғана өмір сүру керек екенімді түсіндім. Балаларым аман болсын!