«Мамсик» ер адамды қалай анықтауға болады?

«Мамсик» ер адамды қалай анықтауға болады?

Үш жыл бұрын тұрмыс құрдым. 9 айдай жүріп, тұрмысқа шықтым. Жолдасым қыз бен жігіт болып жүріп жүрген кезде ондай емес секілді еді. Қазір күн өткен сайын мамасының айтқанынан шықпайтын, дұрыс болса да болмаса да анасының айтқанын дұрыс санайтын жігіттің сортынан екен көріп шошып жүрмін. Құрбым "анасының айтқанынан шықпаса жақсы ғой, ол анасын сыйлайтынының белгісі" дейді. Әрине әлі тұрмысқа шықпаған соң оған айтуға оңай. Алайда бір ғана мысал келтірсем, кеше түнде енді ұйқыға жатайын деп жатқанбыз. Мамасы аяқ асты бүлініп, маған тиісіп кетті. Ары бері шыдап бақтым. Болмаған соң сөз қайтардым. Сөйтсе бөлмемізге кірген соң, маған ренжіп анасы жатқан бөлмеге жастығы мен көрпесін құшақтап кетіп қалды. Жасы 30-ға жақындаған жігіттің осы қылығын қай қыз дұрыс түсінуі керек? Қызымды құшақтап, біраз жылап таңға дейін көз ілмедім. Кімге айтып күйеуім қасыма жатпай анасының қасына жатады деп мұң шағам? Іштен тынып жүрмін. Бірақ оның әрекеттері жаныма батуда. Осыған дейін mде талай осындай ісіне көз жұмып қарап едім. Бірақ қыздар әлі күнге анасының етегінің астынан шыға алмай жүрген осындай жігіттерден алыс жүріңіздерші.

Көп отбасында туындайтын мәселелер ер адамның мамасының көйлегінің астынан шыға алмауынан болады. Үйде бір жақсы шешім қабылдап, ілгері жүруге болатын кезде ер адам «анамнан не дейді екен» десе, немесе мамасы аяқ қолын бір ауыз сөзімен байлап қойып, әйеліне айдап салып отырса, мамасы әйеліне орынсыз қатты сөйлеп ренжітіп қойса еркек бір екі сөз айтып жұбайын қорғап қала алмаса сондай еркекті «МАМСИК» дейміз.
Ер адамның ондай болуы кішкентай кезінен бастап орын алады. Мамасы күйеуінен жеткілікті деңгейде көңіл бөлгізе алмаса, ұлынан бүкіл сол көңіл аударуды алуға тырысады. Осыдан ұлын басқалардан қызғану да шығады. Бір жаққа баруын да анасының рұқсатымен, сатып алуын да анасының рұқсатымен, тіпті жалағысын анасына толық беріп қоятын да еркектер бар. Әрине олардың анасы жанашыры, жақыны. Біз де ана болып ұлымыз өседі, келін әкеледі. Бірақ ұлдың ұясын бөлек қылғаннан кейін өз отбасында өзі бастық өзі шешім қабылдап, проблеманы шеше алуы керек.
Отбасы құрмай тұрып болашақ күйеуіңіздің анасымен қандай қарым қатынаста екенін, ертерек біліп алыңыздар деген кеңес берер едік.

Сонымен қыз бен жігіт болып жүрген кезде....
1) Анасының дегенінен шықпай, түнгі 22:00 ден кейін рұқсатын алып қана жүрсе, әр қадамына есеп берсе, бұл ойлануға бірінші себеп.
2) Екіншіден, айлығын қанша жастан бастап табатынын біліп алғаныңыз жақсы. Жасы 20-дан асса да ақшаны анасы беріп тұрса, жолына, тамағына, киіміне ақшаны анасынан алса, бұл ойлануға екінші себеп. Өз ақшасын 18 жастап бастап таппайтын еркек ертең ақшасы біткенде не әйелінің қалтасына, не анасының қалтасына қарайтын болады.
3) Үшіншіден, әкесінің үйде қандай роль ойнайтынын бақылаңыз. Егер әкесі «печка» мамасы «королева» болса, ертең отбасы құрсаңыздар ішіп жеуден бастап, ақша жаратуға дейін «королева» басқаратын болады.
4) Төртіншіден, әкесінің әйеліне деген сыйластығын байқаңыз, қарындастарына және мамасына қандай сыйластықпен қараса, ертең сізге және қыздарына солай қарайтын болады.
Айта берсек,қыздар, алдын ала байқап, жоспарлап ойластыратын нәрсе көп. Ал ендігі тұрмысқа шығып қойсаңыз осы кеңестерді қыздарыңызға айтып үйретіңіз.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста