Отбасы - ошақ қасы

Маңдайыма "күйеу керек" деп жазып көшеге шықпаймын ғой.

  • Маңдайыма

    Маңдайыма "күйеу керек" деп жазып көшеге шықпаймын ғой.

 Біраздан бері осы сайттың оқырманымын. Небір тағдырларды Жасым 25-те. Жігітім тастап кеткен, оған өзім кінәлімін. Мәселе ол жігіт жайында емес. Соңғы кездері туған-туыс, анам, таныстарымның бір ғана "қашан тұрмысқа шығасың?" деген сұрағы мазалайды. Өзім де қатты тұрмысқа шыққым келеді. Неге? Өйткені оқыдым, қыдырдым, жұмыс істеп жатырмын. Құрдастарым 2-3 балалы, солардың қызықтарын айтқанда қатты қызығамын. Ана болғым келеді. Осы уақытқа дейін тұрмыс құрмаған себебім: сұрап құда түсушілер, сырттай ұнататындар көп болды, алайда Сол кезде жігітім болған соң барлығына жоқ дедім. Әттеген-ай деп сан соғып отырған жәйім бар. Жас келген соң қыдыру, көңіл көтеруге де зауқың болмайды екен. Интернетпен танысып жүргенім жоқ, бір рет танысқан жігіт отбасылы болып шыққаннан кейін интернетті қойдым. Аллаxтың бір құлы бұйырар дегенмен келе жатырмын. Құр алақан отыра берсем де дұрыс емес, Құдай береді деп босқа отырғаннан түк шықпас. Алайда не істей аламын? Маңдайыма "күйеу керек" деп жазып көшеге шықпаймын ғой. Мұнда жазып жатқан себебім, сіздерден өте үлкен нәрсе сұрамақшымын. Көп түкірсе - көл демекші, сіздерден мен үшін дұға тілегендеріңізді қалаймын, менің адал некем қиылып, ана бақытына ие болуыма, асыл жар болуыма. Дұға – мұсылманның ең күшті қару екендігін білесіздер ғой. Үмітім үзілмейді, сіздерден көмек сұраймын... Есімім Айгүл. Раxмет.




Көрілген: 1419    Пікірлер: 0

сенбі, 25.01.2020, 09:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31