Отбасы - ошақ қасы

Мен ешкімнің бағын тартып алған жоқпын

  • Мен ешкімнің бағын тартып алған жоқпын

    Мен ешкімнің бағын тартып алған жоқпын

 Адам өткеннің елесімен өмір сүруден асқан азапты сезіне ме екен? Сезінбейтін секілді. Мен өз сезіміне алданған жандардың басы да жəне соңы да емес екенімді білемін. Білген сайын жүрегім ауырады.

Өз өмірімді салтқа құрбан қылдым. Екі мың он жетінші жылы қараша айының соңында Жетісай ауданына кездейсоқ алып қашу салты арқылы келін болып түстім. Өзім  Бостандық ауданында туып өскен қыз едім. Босаға аттағаннан соң кері қайтып келуге арым жібермеді.

Ата-анам да жазымышымнан қашпауға үгіттеді. Қалдым. Жолдасым - өзбек ұлтынан. Бала кезінен бір қызбен атастырылыпты. Ол қызбен неге шаңырақ көтермегені түсініксіз. Ал, менің оның өткенінен хабарым болмады. Енді, атастырылған қызымен отбасын құрмаса да, ол қыз мені бағын тартып алғандай көреді.

Екеуінің тағдыр жолының тоғыспағанына мені кінəлі көреді. Жүрген жерінде мені жамандаудан басқа бітірері жоқ. Сыртымнан бақсы-балгерлерге оқытып жүретінін де қайын əпкелерім айтып жүр.

Қайтсем екен? Бəрінен тойдым. Жолдасым ды бөлек шығаруға көндіріп, бұрынғы қалыңдығынан құтылғым келеді. Жолдасым ата-анасынан бөлек кетуге көнбейтінін де сезем. Өткеннің елесімен алысудан əлім бітті. Жолдасым мені тыңдауы үшін не істегенім дұрыс болады?!

Мен ешкімнің бағын тартып алған жоқпын ғой. Өзім алып қашудың құрбаны болдым. Маған неге соншалықты өшігіп жүргеніне таң қаламын. Ертең жамандық жасап жүргені ақиқатқа айналып, ажырасып кетсек не болады? Аяғым ауыр, ертең балам әкесіз өспей ме? Басым қатып кетті. Не істеуім керек?

Аноним




Көрілген: 1956    Пікірлер: 0

бейсенбі, 05.03.2020, 19:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31