Отбасы - ошақ қасы

Мен əлі жар болуға, келін болуға дайын емеспін

  • Мен əлі жар болуға, келін болуға дайын емеспін

    Мен əлі жар болуға, келін болуға дайын емеспін

 Кімнен ақыл сұрарымды білмедім. Жігітім бар, біраз болды бірге жүргенімізге. Айтайын дегенім, оған суып кеткенімді сезе бастадым. Білмеймін, бұрын тым қатты жақсы көретінмін.Тіпті айтып жеткізе алмайтындай, ал қазір мүлдем басқаша, істеген қылықтарына, іс-əрекеттіріне ішім жылымайды.Көп ренжісеміз бірақ бəрін ұмытып кетеміз де, қайтадан ешнəрсе болмағандай айым,күнім десіп жүре береміз.


Бір бірімізге бауыр басып қалғанбыз. Оның маған деген шын көңілі бар екенін білемін. Бірақ кейде өзімді де, оны да түсінбей кетемін. Қазіргі уақытта ренжісіп қалдық. Бұған еш көңілім түскен емес, өйткені оған деген сезімім жоқ сияқты, тек бауыр басып қалғаным болмаса. Қимаймын оны. Жақында туылған күні, оған бәрін қоя салайықшы осы жерден дегім келеді. Бірақ туылған күні келе жатқасын бұлай айтып тұрсам, бір түрлі ұят көремін. Не де болса сол күн өтіп кеткесін бəріне қолымды бір сілтесем деймін. Жігіті құрысыншы. Биыл оқуымды бітіремін, жұмысымды жасап, ата-анама қолғабыс болайын деген ниетім бар. Ол жігітпен ара-қатынасымды үзіп, басқа да жоспарларымді жүзеге асырсам деймін. Алға қойған мақсаттарым бар.

Ол жігіт үйленгісі келіп те жүр, ал мен əлі жар болуға, келін болуға дайын емеспін.Басқаның ошағын түтетпес бұрын ата-анамды риза қылып кеткім келеді. Сосын кейінірек Аллаһ бұйырып жатса бір үйдің отымен кіріп, күлімен шығуға дайынмын.

Əлгі жігітіме естелік болып қалатындай. не сыйласам болады сонымен? Мен негізі нағыз ақымақпын, оған ренжіп жүрсем де, оған не сыйлайм деп ойланып отырмын. Алтын уақыттарыңыздың 1-2 минутын алғаным үшін кешірім сұраймын. 


Аноним 




Көрілген: 1374    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 22.05.2019, 10:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Маусым, 17:00
    Кешірші анашым...
    11 Мамыр, 12:42
    Неке неге бұзылады?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30