Отбасы - ошақ қасы

"Мені ұрлап кетті" деген келіншек, шындығында басқа еркекпен қашып кеткен

  • ©

    © "Мой город"

Батыс Қазақстан облысында әйел отбасына өзін ұрлап кетті деп айтып, шындығында басқа ер азаматпен қашып кеткен, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

 

Жоғалып кеткен келіншек күйеуі Мырзағалимен некелескеніне жеті жыл болыпты. Сөзінше, жары Гүлнұрдың бірінші жұбайынан бір ұлы болыпты. Бірақ оны өз баламдай көріп, бауырыма бастым дейді ер азамат. Кейін ерлі-зайыптылар тағы да үш бала сүйіпті.

 

"22 мамыр күні әйелім үйден кетіп қалды. Балалар үйде жалғыз қалыпты, үлкенімнің жасы сегізде ғана. Анасы қайдан кетіп қалғанын білмеген. Кейіннен Гүлнұр өзінің ұрланғанын айтып, мені Ақжайық ауданына алып бара жатыр деп WhatsApp-пен хат жіберді. Бірақ ол жақтан таба алмадық. Біраз уақыттан соң ол бәрі дұрыс екенін айтты. Алайда мен полицияға хабар бердім", - дейді Мырзағали.

 

Полицейлер арыз түскенін растап отыр. Айтуларынша, тәртіп сақшылары әйелді іздестіруге кірісіп кетіпті.

 

"Біз көп балалы ананы ешкім ұрламағанын анықтадық. Ол басқа ер азаматпен танысқан. Әлгі ер адам Оралға келіп, әйелді Жанғалы ауданына алып кеткен. Қазір біз олардың блок-бекеттен қалай өтіп кеткенін анықтап жатырмыз", - деді Орал қаласының полиция бөлімінің тергеушісі Нәлібай Бақдаулет.

 

Қашып кеткен әйел де, оның жаңа сүйіктісі де табылып, оқиғаға қатысы барлардың барлығы полиция бөлімшесіне жеткізіліпті. Полицейлердің сөздерінше, бейтаныс азамат еш жерде жұмыс істемейтін ауыл тұрғын болып шыққан.

 

"Күйеуім ұратын. Менің оған деген сезімім сөнді, бұл туралы туыстарыма айтудан ұялдым. Балаларымды алып кетейін деп үлгермей қалдым. Қазір олар әпкемнің қолында. Жаңа күйеуім балаларым мен мені өз қамқорлығына аламын деп сөз берді", - дейді Гүлнұр.

 

Полицейлер олардың барлығы үйлеріне қайтарылғандығын атап өтті. Бұл жағдайға байланысты әкімшілік не қылмыстық іс қозғау заң бойынша қарастырылмаған көрінеді.  




Көрілген: 975    Пікірлер: 0

сенбі, 30.05.2020, 16:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31