Отбасы - ошақ қасы

Мен үшін қуанбасаңдар атымды неге Қуандық деп қойдыңдар...

  • https://rusvesna.su/

    https://rusvesna.su/

Бала кезінде &ldquoкімнің баласысың&rdquo деген сұраққа әрдайым атасы мен әжесінің атын айтатын. Солардың баласы екеніне өзі алғаусыз сенетін-ді. Бертін келе бұдан өзі де күдіктенетін болды. Әжесінен тудым дейін десе ол аузында бір тісі жоқ кәрі кемпір, жеңешесінен деуге қисыны келмейді, оның балалары тым жас. Ал тәтесі әлі күйеуге шыға қоймаған. Сонда бұл кімнің баласы, анасы кім, әкесі қайда?

 

Бала болған соң бір нәрсені бүлдіріп жүреді емес пе, бір күні өзі де әрең жүріп келе жатқан көрші үйдегі қарт кісіні қағып кеткені бар. Бойын ашу қысып сілкінген ол &ldquoкөзіңе қарамайсың ба, шата неме&rdquo деп бұған біраз кейіді. Басқасын ұмытса да &ldquoшата&rdquo деген сөз санасында жатталып қалыпты. Кейін өзіне туралап айтылған сол сөзді тағы естіді. &ldquoМен Қуандықпын ғой, олар маған неге шата дейді&rdquo деп әжесіне жылап та барған-ды. Атасы мен әжесі &ldquoалжыған кемпір не айтпайды&rdquo деп жұбатып, көңілін басқаға аударатын. Ойнап жүріп балалармен әлденеге жанжалдасып, жаға ұстасып қалатын кездерінде жығылған қарсыласы әудем жерге барып, &ldquoсен Шәрбаннан тудың&rdquo деп тілін шығаратын.

 

Е, өмір-ай, өзінің кімнің баласы екеніне өсе келе көзі жетті. Сөйтсе бұл шынымен де Шәрбан тәтесінің баласы екен. Әкесінің кім екенін ешкім де айтпайды. Нұрбек ағасының бойдақ кезінде бәрі жақсы еді. Атасы мен әжесі де, тәтесі мен ағасы да мұны еркелететін, айтқанын екі етпей керек затын әперетін, қалағанын жейтін. Нұрбек ағасы үйленіп, балалы болғаннан кейін бәрі де өзгерді. Өмірге бірінен соң бірі келген Қуаныш пен Шаттық алдымен бұдан атасы мен әжесін, сосын бар еркелігін, еркіндігін тартып алды. Үйдегілерге бұрынғыдай еркелей алмайды. Сәл босаңсып, қыңқылдай бастаса &ldquoтәйт, сен оқушы емеспісің, мұндайыңды көрсетпе&rdquo дегенді еститін болды. Әсіресе атасы мұның әр басқан қадамын, аузынан шыққан әр сөзін аңдитынды шығарды. Өзіне ұнамаса жер-жебіріне жетіп ұрсып, кейде қол да жұмсайтын-ды. Баяғы көрші әжеден еститін сөзін атасы аузынан тастамайтын болды. Сосын көресіне жеңешесінен көрді. Дүкеннен әкелген затын алдымен өз балаларына жегізетін, артылса барып бұған беруші еді. Шу шығарайын десе жеңешесінің жанын ауырта шымшитыны, Нұрбек ағасының шапалағы дайын. Үйде әжесі жоқ болса жайылған дастарханға жолай алмайды. Атасы шақырады, бірақ &ldquoтөгіп-шашпа, асығып қайда барасың, көзің жоқ па...&rdquo деген сансыз ескертпенің астында қалады. Жеңгесі бұның кесесін байқамағандай түр танытып, шай да құя қоймайды. Ал Шәрбан тәтесі әлдекіммен бас қосып, бөлек тұрады. Алғашқыда әжесі өзіне әке табылғанын, кейін солармен бірге тұратынын айтқан-ды. Бірақ қабағы қалың, жүзінде мейірім жоқ жан бұған ұнай қоймады. Солай болса да өзін көрер көзге шеттетіп отыратын атасының үйінен кеткісі келді. Мүмкін үйренісіп кетер, екеуінің ортасында құлдыраң қағып жүретін шығар. Қай-дан, Шәрбанға өмірлік серік болуға келіскен жан оның баласын қабылдай алмайтынын кесіп айтыпты, &ldquoжолатпа&rdquo деген көрінеді. Атасы мен әжесіне, ағасы мен жеңгесіне жаутаңдайтын күндер бір-біріне жалғасып келеді.

 

Әжесі жұмысынан кеш қайтады. Бұның сабағы түстен кейін, сонда әжесін кешке дейін көрмейді. Жеңгесі жұмыста, балалар бақшада, үйде көбінесе атасымен қалады. Оған көршілерімен әңгімелесе отырып, ішкен бөтелкесі болса болды, бұнымен ісі болмайды. Сабаққа барар уақытында бұған қарап бір айқайлайды, сонымен бітті. Ал бұл болса кешеден тамақ қалмағанын біле тұра қазан-ошақты бір сүзіп өтеді, кейде жеуге нан да таба алмайды, амалы жоқ мектепке аш қалпымен кетеді. Үзілісте балалардың қолындағы ыстық самса мен тәттіге тамсанғаннан басқа бітірері шамалы. Тамақтың өзін зорға беретін аға-жеңгесі бұған тәтті үшін қайдан тиын берсін. Есіл-дерті аш қарынның қамымен жүрген жан кітапқа қарай ма, үлгірімі де төмен, оның үстіне үйде бұның сабағын күнделікті қадағалап отырған ешкім жоқ.

 

Бала көңіл қиялындағы әкесін аңсайды. Оның ойынша, басында кең сарайдай үйі, астында жеңіл көлігі, жақсы қызметі, мол қаржысы бар әкесі алыс сапарларда жүреді. Ол бұның өмірде бар екенінен бейхабар, егер өзіндей ұлы өсіп келе жатқанын білсе мұны бұлай қалдырмаған болар еді. Ең болмаса мектепке киетін киімдерін түгендеп, оқу құралдарымен қамтамасыз етер еді. Сонда мұғалімнен өзінде жоқ сурет дәптер, болмаса бояу қалам, не спорттық киім үшін сөз естімеген болар еді, бүйтіп бүрсеңдеп тоңбас еді. Дастарханда емін-еркін отыру үшін әжесімен бірге көрші апаның үйіне кіруге аңсары аумас еді...

 

Әжесі оны қатарынан кем қалдырғысы жоқ, алайда қысқа жіп күрмеуге келмесе қайтсін. Кезінде қызын &ldquoбойдақпын&rdquo деп алдап, аяғы ауырлағасын безе қашқан, баласына қайрылмайтын жанның жауапсыздығы мен қатігездігі жанын ауыртатынын немересіне қайдан айтсын. &ldquoӘкең алыста, тәтең оған сен туралы айтпаған&rdquo деуден әрі аса алмайды. Ел арасында әңгіме жата ма, өсе келе әкесінің өз қасында жүргенін бала қалай қабылдар екен. Оны ойласа жүрегі қан жылайды. Сондайда қызының жігерсіз, намыссыз болғандығы үшін бармағын тістейді. Бірде әбден құса болған немересінің &ldquoМен үшін қуанбасаңдар атымды неге Қуандық деп қойдыңдар&rdquo деп жылағаны бар. Онымен қосыла өзі де жылады. Қазір ештеңе емес, ертең өзі кеткеннен кейінгі оның өмірі қалай болар екен. Анасының түрі анау, өз басын зорға алып жүр. Аға-жеңгесі мынау, көрер көзге шеттетіп отырғаны. Өмірден көрген барлық мұң-зарын, өкпе-ренішін ішіне жиып шерменде болып өсіп келе жатқан жан өзге соқпаққа түсіп кетсе, адасса қайтеді. Оны ешкім де болжап біле алмайды. Тек белгілісі, некесіз туған бір тірі жетімнің жанары жаутаңдап, жалтақтап өсіп келе жатқаны...

 

 

Автор: Ж.Балабай

alashainasy.kz

 




Көрілген: 4199    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 25.11.2020, 13:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қаңтар, 14:07
    Ойнап жүріп от бастым
    29 Желтоқсан 2020
    Құрбым қыздарға құмар...
    20 Желтоқсан 2020
    Махаббат, махаббат деп...
    10 Желтоқсан 2020
    Жігіттер сенетін 6 өтірік

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31