Отбасы - ошақ қасы

Менің күйеуім басқа қызбен араласады

  • Менің күйеуім басқа қызбен араласады

    Менің күйеуім басқа қызбен араласады

 Барлығына сәлем. Сіздердің кеңестеріңіз бен көмектеріңіз қажет. Тұрмыста болғанмын. Үш айлық балам бар. Бір ай бұрын күйеуімнен кетіп қалдым. Себебі оның мінезіне төзе алмадым. Аяғым ауыр болған кезде қол көтеріп, мені ұрды. Нәресте өмірге келген соң, ол маған қысым көрсете бастады. Мүлдем көмектеспейтін болды. Заттарды әдейі шашатынды шығарды.

Ол мені түсінген жоқ. Уақыт таба алмай жүрген кезде, тамақ жасауымды талап етті. Бұрынырақ уақытты дұрыс пайдалана алатын едім, босанғаннан кейін бұл қиынға соқты.

Менің кеткеніме бір ай болды. Ал менің күйеуім басқа қызбен араласады. Соны кездесуге шақырады. Бір айдан бері бір рет болсын, өзінің туған қызына келіп, "не қажет?" деп сұраған жоқ.

Енді, мен қайтадан барып қосылсам ба деп жүрмін. Себебі оны сағынамын. Ал күйеуім болса қосылғысы келмейтін сияқты. "Өзің кетіп қалдың" деп барлығына мені кінәлайды.

Мен болсам жарыммен бірге болғым келеді. Оны қатты қызғанамын. Оның үнемі әлеуметтік желісін тексеріп, "маньяк" сияқты басқан қадамын аңдып отырамын"


Аноним




Көрілген: 2980    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.09.2019, 20:14

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Қазан, 10:43
    Күйеуім бола тұра...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31