Отбасы - ошақ қасы

Мезгілсіз келген сезім мерт етер деген шындық екен

  • Мезгілсіз келген сезім мерт етер деген шындық екен

    Мезгілсіз келген сезім мерт етер деген шындық екен

 Жасым - отыз тоғызда. Ақтаулықпын. Бір Шымкентке қыдырып барам деп, кездейсоқ алып қашудың құрбаны болдым. Алып қашқан жігіт жайлы ойланғым да келмейді. Туғалы ауылдан адым аттап шықпаған, əріпті де дұрыс танымайтын тəрбиесіз біреу. Мақта терумен айналысатын, əр күні ішіп келетін. Мен бірдеңе десем, маған қол көтеретін. Əр түнде қасыма жақындаған сəттер жаман жиіркенетінмін.

Əйелдің жиіркеніші дегеніміз - амалсыз көндігумен аяқталады екен. Сосын төртінші айда жолдасымның əдепсіз əрекеттеріне шыдай алмай, үйден қашып кеттім. Ақтауға итке ұқсап құр сүлдерімді сүйретіп əзер жеттім. Содан ол мені іздеп келмеді. Келмегеніне де шүкір.

Иə, мен солай бір рет тұрмыста болдым. Сосын үйге келген соң жұмысқа тұру үшін əрекеттендім. Ол əрекетімнен түк нəтиже шықпады. Сүйтіп, сандалып жүргенімде Сейтпен таныстым. Сейттің өз кəсібі бар. Тері өңдеумен айналысады. Жақсы жігіт. Жасы - жиырма жетіде. Менен жасы кіші. Дегенмен, бұрын сезінбеген сезімдер мен бөленбеген құрметтерге қазір бөленіп жатырмын. Сейттің Бакуде əйелі бар. Мен соған қарамастан оған есім кете қатты ғашықпын. Ол да мен деген де бір сезімнің жалынына өртенетіні анық. Мен оның дүниесіне емес, сом тұлғасына, азаматтығына ұнатамын. Не істеймін? Біреудің бақытын ұрлаймын деп ойламаған едім.Бірақ,сезімге шектеу қоя алар емеспін. Мезгілсіз келген сезім мерт етер деген шындық екен. Бәлкім бағым сол жігіт шығар...

Майра




Көрілген: 6219    Пікірлер: 0

сейсенбі, 01.12.2020, 00:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қаңтар, 14:07
    Ойнап жүріп от бастым
    29 Желтоқсан 2020
    Құрбым қыздарға құмар...
    20 Желтоқсан 2020
    Махаббат, махаббат деп...
    10 Желтоқсан 2020
    Жігіттер сенетін 6 өтірік

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31