Отбасы - ошақ қасы

Министр: Қазақстанда ажырасқандардың саны артып, отбасылық зорлық-зомбылық мәселесі өршіп тұр

  • Министр: Қазақстанда ажырасқандардың саны артып, отбасылық зорлық-зомбылық мәселесі өршіп тұр

    Министр: Қазақстанда ажырасқандардың саны артып, отбасылық зорлық-зомбылық мәселесі өршіп тұр

 ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі есептік кездесуінде отбасы және балалар институттарының жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі.

Балаеваның айтуынша, жыл сайын ажырасатын отбасылардың саны артуда. Бұл адамдардың рухани құндылығының төмендеуінің нәтижесі дейді ол.

"Өкінішке орай, қазіргі қоғамның дамуымен қатар, отбасының құндылық бағыттары өзгеріп жатқанын мойындауымыз керек. Ажырасу санының көбеюі ел үшін үлкен проблема болып табылады. Егер 2017 жылы 55 мың ажырасу тіркелсе, 2019 жылы бұл 60 мыңға жеткен", - дейді Балаева.

Сонымен бірге, ол ажырасқандардың саны атаулы әлеуметтік көмек алу кезінде күрт өскенін жеткізді. Министр қазіргі уақытта қоғамда болып жатқан кез келген өзгерістер отбасына теріс әсер етуі мүмкін екенін айтты. Карантин кезінде отбасылық зорлық зомбылық мәселелері де күшейгенін жеткізді ол.

"Шыны керек қазіргі таңда отбасылық зорлы-зомбылық мәселесі өршіп тұр. Пандемия кезінде статистика 20-25 пайызға өсті. Бұл сұрақтың маңыздылығын ескере отырып, нақты шешімдер қабылданды. Қазіргі таңда кризистік орталықтар жұмыс жасауда. Толығымен жоямыз деп айта алмаймыз, бірақ зорлық-зомбылықты азайту үшін күш салудамыз", - дейді Балаева.

Stan.kz




Көрілген: 643    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.06.2020, 12:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қыркүйек, 16:15
    Әйелдің өлімі...
    7 Қыркүйек, 14:38
    Күйеуімді ынтық еттім...
    2 Қыркүйек, 22:05
    Нағыз еркектен қыз туады
    1 Қыркүйек, 15:44
    Туған ағамнан жеріндім...
    31 Тамыз, 10:45
    Анама жар іздеймін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30