Отбасы - ошақ қасы

Мұндай әйелдің күйеуі ешқашан көңілдес іздемейді (21+)

  • Мұндай әйелдің күйеуі ешқашан көңілдес іздемейді (21+)

    Мұндай әйелдің күйеуі ешқашан көңілдес іздемейді (21+)

«Көңілдес»... Аты сондай жаман, ә?! Мұндай жағдайға тап болмаудың жолы мынадай, деп хабарлайды Ernur.kz порталы.


 Атының өзінен ат үркитін осы бір «көңілдес» дегеннің көп отбасыны ойрандап кеткені белгілі. Қаншама бала әкесіз қалып, неше отбасы шайқалды.


Десек те, осы бір жағымсыз жағдайдың көп себебін жұрт әйелге таңатыны да жасырын емес. Рас, басқа да себептері бар болар, бірақ әйелге де қатыстысын жоқ деуге де болмас.


Еркек деген туғаннан бастап үйленгенге дейін әйелдің (анасының) жылы құшағын, мейірімін, назарын алып үйренген ғой. Үйленгеннен соң да сол назарды күтеді екен психологтардың пайымдауынша. Бірақ балалы болған жас жарының оған уақыты жете бере ме? Түн ұйқысын төрт бөлетін әйелдің уақытын тек ол ғана алып жатпайды.


Сонда да болса, еркектің тек дәмді тағаммен ғана емес, басқа да жақтарымен көңілін аулап, өзінің бар екенін «білдіріп» қою керектігі әрбір әйел үшін маңызды екендігін білсеңіздер керек. Соның бірі – эротикалық массаж.


Жо-жоқ, теріс ойламаңыз. Некелі жұптың жыныстық қарым-қатынасында массаждың да рөлі үлкен. Ішіңіз сезеді, іске асырып көрсеңіз, нәтижесі болары анық.


Қандай массаж жасау керек?


Көп созбай бірден іске көшейік. Еркекке жасалатын массаждың түрі көп және мұның барлығы ұнайды оған. Қарапайым түрінен бастап эротикалық нүктелерге дейін тізіп шығайық.


Арқасын сипалау

Әлсіз ғана тырнақты батыра тырналау

Құлақтың шеміршегі мен сырғалығын уқалау немесе тістелеу

Шаштың арасын саусақпен салалап, жаймен тырнақ батыру

Сегізкөзді уқалау

Мойын айналасын сипалау

Екі иық үсті мен жауырын айналасын уқалау

Табанды уқалау

Балтырды сипалау

Соңғысы – эротикалық аймаққа жасалатын массаж

Мұның барлығы да әр еркектің әйелі жасайтын және жасауға болатын түрлері.


Массаж жасау кезінде еркекке ұнайтын музыка мен әлсіз ғана жарығы бар бөлме және жайлы төсек қана керек.


Эротикалық массаж


Басқасының қалай және қай жерге жасалатыны түсінікті болар. Ал эротикалық аймаққа келгенде тосырқау басталады. Некелі ер-азаматыңыз болған соң мұнда ұяларлық ештеңе жоқ.


Массаждың бұл түрін жасаудың техникасы әр түрлі. Түріне қарай жасау әрекеті де бөлінеді. Бастысы, керемет әсер қалдыру. «Тағы жасап берші» дегізетіндей және әйелдің де қадірін арттыра түсетіндей болғаны.


Массаж жасау ұзақтығы – жұптардың қалауына байланысты болады.


Еркектің өзін-өзі ұмыттыратындай массаж қалай жасалады?


Романтикалық жағдай – бөлменің жарығы әлсіз әрі жағымды музыка болса жақсы.


Жұпар иісті майларды қолдану – массажды жағымды әрі жұптарды босаңсыта түседі.


Жақсы көңіл-күй – өте қажет. Көңілсіздік іс-әрекеттен-ақ байқалады. Сондықтан, қолайлы сәтті күтіп, дер кезінде жасау нәтиже береді.


Еркектің эрогендік аймағын анықтау – жұмсақ әрі нәзік қимылмен денесін сипалау арқылы оның алған әсеріне қарай табуға болады. Ол тек интимді аймақта ғана емес, мүлде басқа жері болуы мүмкін.


Массажды тек қолмен ғана жасалуы тиіс емес – тіл мен ерін де жақсы қызмет атқара алады. Мәселен, мойындағы алқым шұңқырын тілмен қытықтау еркекті ерекше сезімге бөлейді. Ал ерінмен еркектің желке тұсы мен сегізкөз айналасын қытықтауға болады. Сол сияқты омыраумен арқасына жанасудың әсері күшті.


Дұрыс тыныстау маңызды – эротикалық массаж жасау кезінде еркекке терең тыныстауды ескерту керек. Әйтпеген жағдайда аз уақыт ішінде оргазмға жетіп қоюы мүмкін.


Негізгі аймақ – жыныстық мүше айналасы. Еркекке ең ұнамдысы да осы. Уқалау ғана емес, қол жүгіртудің өзі еркекті естен тандырады.


Жамбасқа жасалатын массаж – арнайы жұпарлы маймен жамбасты қаттырақ қысып уқалау керек.


Массаж жасау кезінде жылдамдықты бірде арттырып, бірде баяулатып отыру да техникалық маңызды жайт.


Егер некелі еріңізге жасалған массаж ерекше әсер қалдырса (қалдырады!), ол оңаша қалатын сәттердің болуына жағдайды өзі-ақ жасауға тырысады. Отбасын сақтап қалуға аз да болса үлесі тиеді деген сенім мол.


Ж.Байтұрым,

ERNUR.KZ.




Көрілген: 2408    Пікірлер: 0

сейсенбі, 18.12.2018, 10:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Наурыз, 14:21
    Күйеуім тастап кетті
    18 Наурыз, 14:39
    Енем үшін ұяламын
    13 Наурыз, 09:48
    Мен неге ажырастым?
    12 Наурыз, 10:50
    Мен 20-да, ол 40-та

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31