Мықты әйелге құры $екс керек емес

Мықты әйелге құры $екс керек емес

Мықты әйелдерге жай ғана секс қызық емес. Оларға өзінің ерекше болмысын ұнататын адамның ыстық ықыласы қажет. Себебі, мұндай әйелдер өзіне сенімді, нені қалайтынын анық біледі, өзінің әлеуетін де шамалайды. Олар өзі таңдаған адамнан қанағат табуы тиіс. Өйткені, олар жай назар аударуға мұқтаж емес, олар бауыр басқысы келеді. Олар өзгені мәжбүрліктен жақсы көрмейді. Тек жүрек қалауына ереді.
Мықты әйелдер жан сұлулығына мән береді. Олар төсек қатынасын ғажап деп бағалайды. Мықты әйелдердің көзқарасында тамаша төсек қатынасы – мықтылығы мен осалдығын қатар сезінуге берілетін сәт. Осалдығы дегеніміз өзін бетпердесіз, ашық әрі фильтрсіз көрсетуі. Мықтылығы дегеніміз өзгенің де өз болмысына сай ашылуына мүмкіндік беруі. Сондықтан мықты әйелдерге жай ғана төсектес болу қызық емес. Олар үшін төсек қатынасы сезімталдығын ашатын, бақыты мен махаббатына көмекші құрал, өзінің шынайылығын көрсетуге рұқсат ететін жол.
Мықты әйелдер жай ғана төсектес болуды қаламайды. Таңдаған адамы олардың кемшілігін де қосып жақсы көргенін маңызды деп санайды. Шын мәнінде түсінгенін керек етеді. Мықтылығы неден басталатынын білгенін қалайды. Сол жан мұның мықты рухы мен батыл жүрегін топтың арасынан адаспай таңдағанын сезінуі керек. Көз жанарындағы отты ғажап тартымды деп есептейтін жан ғана бейжай қалмас. Өмір сүйгіштігі мен келешекке деген үкілеген үміті кез келген қиындықты еңсеруге күш беретінін бағалай алатын адамды күтеді.
Мықты әйелге жай ғана төсек керек емес. Оларға зор ықылас қажет. Себебі, мықты әйелдер көңіл күйге ереді, сезімтал, мейірімді. Арасында қатал болады, шешімді өзі шығарады, қажет кезінде кез келген жағдайды билеп-төстеп кете береді. Сондықтан олар сүйген адамынан ерекше пейіл күтеді. Кешке таман жанына оралғысы келетін адамды мұқият таңдайды. Өзін сенімсіз сезінгенде, шаршап қалғанда еш алаңсыз алдына баратын адамды іздейді. Мықты әйелдер өмір бойы бір болатын жұбын іздейді. Кітаптан оқыған, кинодан көрген, өзі сенетін, оған лайықты болатын адамын күтеді.
Мықты әйелдерге жай ғана төсек керек емес, оларға буырқанған құмарлық қажет. Ыстық сезім ғана олардың өмірін гүлдей құлпыртады. Сексті іздеу де, табу да оңай.
Алайда мықты әйелдер қалағанына қол жеткізу үшін көп еңбектенеді. Қазір қолда бар өмірін өз ынта-ықыласымен жасаған. Махаббаттан да сондай бағалы жеңіс пен шексіз ынтымақты күтеді.
Бір сүйгеннен естен тандырарлық жанды күтеді. Құшағында өзін туған үйінде жүргендей сезінетін етене жақын адамды күтеді. Өзін таң қалдыра алатын, өмірге құлшыныс беретін, шабыт сыйлайтын ерекше адамын күтеді. Жайлы өмірден жетектеп шығып, бүкіл әлемді көрсететін адамын күтеді. Олар кешірім сұрауға қиналмайтын, өз пікірін айтудан қысылмайтын жанды күтеді.
Мықты әйелдер мықты азаматтарды таңдайды. Мықты азамат – ынтықтығын жасырмайтын азамат. Өзгені сүю осалдық емес, жүректің қуаты екенін білетін адам. Қарым-қатынасты ашық әңгімелесу деп танитын, өмірлік достық деп білетін адам. Көңіл күйін жасырмайтын, жүрегін аша алатын, сезім үшін нар тәуекелге бел буатын адам.


Лилия Ахремчик
Аударған Шынар Әбілдә

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста