Отбасы - ошақ қасы

"Намаз оқу ойда бар": Жезөкше болған ару осы жолда болашақ жарымен табысқан

  • "Намаз оқу ойда бар": Жезөкше болған ару осы жолда болашақ жарымен табысқан

 Танымал тележүргізуші Данияр Есен елімізде жеңіл жүрісті қыздарды секс-құлдықта ұстайтын бандиттік топтардың әлі де бар екенін мәлімдеді. Ол бұрын жезөкшелікпен айналысқан Айнұр есімді арумен тілдесіп, бұл жолға қалай келгенін анықтаған. Әйел адам тілшіге өзін әлдекімдердің күштеп ұстағанын, тапқан табысын 3 жыл бойы бермегенін жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Youtube желісіндегі Рейтинг.кz арнасына сілтеме жасап.

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының тумасы Айнұр Шымкентте колледжде оқып жүрген кезінде әкесімен сөзге келіп қалғанын айтты. "Әкем асырап алғанын айтқаннан кейін арамыз суи бастады. Олар (ред. - ата-анасы) мені асырып алған. Содан әкеме деген ашуым болды. Бірақ оған көрсете алмадым. Бір күні ашу үстінде үйден шығып кетіп қалдым. Олар басында мені іздеді. Бірақ қайда екенімді анам ғана білетін. Мен оның Сарыағаштағы құрбысының үйіне барып тұрдым. Сосын анама "Алматыға кетем" деп айттым", - деді Айнұр. Ол еліміздің үшінші мегаполисіндегі оқуын тастап, оңтүстік астанаға жол тартып кеткенін айтып берді. Айнұрдың сөзінше, Алматыға алғаш келген уақытта көлік жуу орталығында қызмет еткен. Т

"Мойкада істеп жүрген уақытта жезөкшелікке құрбым итермеледі. Құрбым "мойкада істесең ауырасың, аяғыңнан су өтеді", - деп айтты. Содан бір ай өткен соң, "барсам, барайын" деп келісімімді бердім. Ақша тауып жүрдім. Сейфуллин көшесінде тұрдым. Мені жұмысқа алып келген қыз бірге істеді де, кейін бөлек кетті", - деді әйел. Ол секс-құлдыққа қалай түскенін де баяндап өтті. "Көшеде жүрген уақытта бір қызбен таныстым. Ол бір күні "менімен тұрасың ба" деп ұсыныс тастады. "Жарайды" деп келісімді беріп, сонымен тұра бастадым. Біраз уақыт өткеннен кейін "ақшаңды жинап берейін" деді. Өзім ақша жинай алмайтын болғандықтан, тапқанымды соған беріп тұратын болдым.

Бір күні ол клиент қабылдамайтынын айтып, тек мені ғана жұмысқа сала бастады. Ол клиенттер тауып беріп, түскен ақшаны өзі алатын", - деді Айнұр. Жеңіл жүріспен айналысқан қыз секс құлдықта істеген танысы ешқайда жібермегенін, қоқан-лоққы көрсетіп, талай рет соққының астына алғанын растады. Алайда Айнұр "бұның бәрі артта қалды" дейді. Ол қазір сөйлесіп жүрген жігіті бар екенін жасырған жоқ. Ер адаммен жезөкшелік қызметте жүріп танысқан екен. Ол бәрінен хабардар. Бұл жолдан кетуін де сұраған. Айнұр бәрі реттелсе, тұрмысқа шығып, балалы-шағалы болып, намаз оқимын деп ниеттеніп жүргенін мәлім етті. Еске сала кетсек, осыған дейін танымал тележүргізуші Данияр Есен елордадағы жезөкшелердің бағасын анықтаған болатын. 

KAZ.NUR.KZ




Көрілген: 1517    Пікірлер: 0

бейсенбі, 28.05.2020, 16:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31