Отбасы - ошақ қасы

"Намыстанбаймын": Шымкенттік әйел өзінен 18 жас кіші күйеуін қалай асырап бағып отырғанын айтты

  • "Намыстанбаймын": Шымкенттік әйел өзінен 18 жас кіші күйеуін қалай асырап бағып отырғанын айтты

Азаматтық некедегі күйеуінен 18 жас үлкен 51 жастағы Шымкент тұрғыны осыдан 10 жыл бұрын Медет есімді жігітті кездестіріп, оны үйіне кіргізіп алған, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасап.


Бүгінде енесімен құрдас келіншек мейрамханада еден жуып, жас күйеуін өзі асырап, бағып-қағып жатыр. Ал, еңгезердей жігіт әйелінің өзін еден жуып асырап жатқанына намыстанбайтынын жеткізді.


«Намыстанбаймын, оған қатты жаным ашиды. Жүрегім ауырады. Оған, мен жұмыс істеймін, содан кейін сен жұмыстан шығып кет дедім. Болды шығып кет, еден жумайсың деп айттым. Мен жұмысқа шыққаннан кейін, саған еден жуғызбаймын дедім», - дейді Зәуренің күйеуі Медет.


Зәуренің сөзінше, азаматтық некеде тұрып жатқан күйеуі өте қарапайым жан. Ол жас күйеуінің ішіп алса аздап мінезі бар екенін де жасырмады. Зәуре оның «жүйкесі әбден тозған» дейді. Дегенмен, олар 10 жылдан аса уақыт бірге тұрып келеді. Сондай-ақ, келіншек өзімен құрдас енесі туралы айтты.


«Анасы бар, ол менімен қатарлас. Отбасы нашар тұрады. Екеуінің де құжаты жоқ, екеуі де жұмыссыз. Мен шамам келгенше аздап көмектесемін. Медет ауыр жұмысқа жарамайды. Ол әлсіз, нәзіктеу келген», - дейді Зәуре күйеуі жайлы.


Ұлы сөзде ұят жоқ деген келіншек күйеуімен алғаш танысқан кезінде жиі жақындасып жүргенін айтты.


«Қазір ол арақ ішеді ғой. Содан кейін менімен бола алмайды. Оны өзі де мойындайды. Әлсіз. Гармондарының бәрі біткен, әлсіз»,- деп жауар берді Зәуре күйеуіңмен бақыттысың ба деген сұраққа.


Бір қызығы, жас жігітпен көңіл жарастырған келіншектің 3 баласы бар екен. Ал, балаларының үлкені күйеуімен жасты.


«Құдайға шүкір 3 балам бар. Ол Зәуренің балалары емес, менің өгей балаларым. Үлкен баласы менімен жасты, өзі жұмыс істейді. Барлық баласы бөлек тұрады. Олар мені анасының көңілдесі деп ойлайды. Мені ұнатпайды», - дейді 32 жастағы Медет.




Көрілген: 4526    Пікірлер: 0

сейсенбі, 21.05.2019, 14:11

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Желтоқсан, 12:24
    Тоқал алу сән болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31