Неге әйеліме деген көңілім суыды...

Неге әйеліме деген көңілім суыды...

«Қыз күнінде бәрі жақсы, жаман әйел қайдан шығады» демекші, әйелім қыз күнінде өте жақсы болып көрінетін. Мінезі де биязы сияқты еді. Жоқ әлде махаббатқа мас болып соның бәрін байқамадым ба?! Не керек, үйленген соң әйелімнің бойындағы кемшіліктер күн санап көбее түсті. Мінезі де мен ойлағандай, биязы емес екен. Солай-солай әйелімнен көңілім қала бастады. Сөйтіп жүріп бір қызға ғашық болып қалдым. Енді не істерге білмей басым қатып жүрмін. Сондықтан өз тағдырым жайлы баяндап, көпшілікпен ой бөліссем деймін.

 

Сандуғашпен универде оқып жүргенде таныстық. Түр-тұлғасы, киім киісі, жүріп-тұрысы бәрі бірден ұнады. Сырт келбетіне қарап, өз ісіне пысық, тазалықты жаны сүйетін адам болар деп топшыладым. Бөлмелері де үнемі тап-таза болып тұратын. Тамақтары да дәмді еді. Біз тез тіл табысып, достасып кеттік. Ешқашан сөз жарыстырып, біреумен ұрыс-керіске барғанын көрмеппін. Маған да ешқашан қарсы келмейтін. Әр кез менің пікіріммен санасатын. Бір сөзбен айтқанда, мінсіз болатын.

 

Оқу бітірген соң үйлендік. Мен үйдің кенжесі болған соң аудан орталығындағы ата-анамның қолына барып тұрдық. Екеуміз де жұмысқа орналастық. Сол кезден бастап Сандуғаштың бойындағы кемшіліктер шыға бастады. Алғашында оған аса мән бермеген екем. Кейіннен анам айтқан соң оған өзім көз жеткіздім. Жұмыстан шаршап келдім деп үйді екі-үш күнде бір тазалайды. Онда да қалай болса, солай. Түнде ыдыстың жуусыз қалуы жиілей түсті. Біз жатып қалған соң анамның ыдыс жуып жүргенін талай байқадым. Менің киімімді ешқашан үтіктеген емес. Қайта мен киім үтіктеп жатсам, «мынаған үтік баса салшы» деп өзінің киімін қоса салатынды шығарды. Әрине анама бұл ұнамады. Басында, «онда тұрған не бар, уақыты болмай жатқан шығар» дейтінмін. Бірақ кейіннен өзі бос болса да, киімін үтіктеуге маған беруді әдетке айналдырды. Сол үшін бір-екі рет келіспеушілік те болды. Әйтсе де, «бәлкім қателігін түсініп, ақылға келер» деп ойладым.

 

Алайда, Сандуғаш үйді екі-үш күнде емес, аптасына бір рет, тек демалыс күні ғана тазалаймын дейтінді шығарды. Ыдыс-аяқ жуу анамның міндетіне айналғандай. Бір күні анам «Сандуғашқа түсіндіріп айтып көр. Мен айтсам дұрыс қабылдамай жүрер. Осы шаңырақтың иесі сол. Менің жасым алпыстан асты. Үй жинап, ыдыс жуғанға да шаршаймын» деді. Бұл әңгімені Сандуғашқа айттым. Бірақ ол «мен күн ұзақ жұмыстан шаршаймын, шамам келгенше демалыс күндері үй шаруасын істеп жүрмін ғой. Апам болса бәрібір үйде отыр» деп өз ісін ақтағысы келді. Түсіндірмек болып едім онымнан түк шықпады. Әңгіме ренішпен аяқталды.

 

Түнде ренжіп теріс айналып жатып қалдым. Мені жұбатқысы келді ме жоқ әлде аянышымды оятқысы келді ме өзінің кемшілігін түсінетінін, бірақ өте шаршап жүргенін, оған қоса аяғы ауыр екенін айтып жылады. Баламыз болатынын естігенде қуанып, жүрегімде әкелік мейірім оянғандай болды. Сандуғашты жұбатып, апама бәрін түсіндіретінімді айттым. Ертеңінде апама Сандуғаштың аяғы ауыр екенін жеткіздім. Бұл жаңалыққа қуанған апам «ертең-ақ балалы болған соң үй шаруасын өзі иіріп әкетеді» деді. Ай-күні жетіп Сандуғаш ұл тапты. Бірақ балалы болған соң иіріп әкету былай тұрсын, Сандуғаш үй шаруасына мүлдем қарамайтын болды. «Ана жерім ауырып тұр, мына жерім ауырып тұр» деп баладан босай қалса жата қалады. Үй шаруасының бар ауыртпалығы анама түсті. Үйде ұрыс-керіс жиіледі. Бір күні әкем оңаша шақырып алып, «балам бөлек шығыңдар, сендер ауырымызды жеңілдетер деп едік. Олай болмай шықты. Бізге алаңдама. Өз күнімізді көреміз. Біз үшін шаңырағыңды да шайқама» деді. Әкемнің мына сөзі аур тиді. Әкемнің сөзін үнсіз тыңдап болған соң, оңаша бәрін ой сүзгісінен өткізейін деп орталықтағы саябаққа тарттым.

 

Саябақтағы орындықтың біріне отырып, ойым сан-саққа кетті. Бірақ нақты шешімге келе алмадым. Ойланып отырып, қасымдағы орындыққа сүйкімді бір қыздың жайғасқанын да байқамаппын. Бір сәтке бар келеңсіздікті ұмытайын деген оймен қызды сөзге тарттым. Қалада оқитын көрінеді. Оқуының соңғы жылы қалыпты. Жазғы демалысқа ауылға келген беті екен. Мақпалмен тез тіл табысып кеттік. Мақпал басымды шырмап алған шытырман ойды сейілтіп, көңіліме нұр сепкендей болыд. Сол күннен бастап, қалаға оқуға кеткенге дейін Мақпалмен жиі кездесіп тұрдық. Бір-бірімізді ұнатып қалдық. Оқуға кеткен соң, қалаға бірнеше рет іздеп бардым. Оған отбасым бар екенін, бірақ жарасым таппай жүргенімізді айттым. Ол мені жақсы көретінін, бірақ отбасы арасына түскісі келмейтінін, егер ажырассам маған тұрмысқа шығуға дайын екенін жеткізді.

 

Үйдегі күнделікті ұрыс-керіс қатты шаршатты. Кейінгі кезде жұмыстан кейін үйге қайтуға асықпаймын. Үйде не күтіп тұрғаны өзіме аян. Сандуғаштың ызыңынан шаршадым. Анамның арызына не деп жауап қайтарарға білмеймін. Анамды да аяймын. Бірақ не істерге білмеймін. Бөлініп шықсам, туған-туыс, ел-жұрт не дейді? «Қартайған ата-анасын тастап кетті» деп сөкпей ме? Олардың бетіне қалай қараймын? Тіпті бөлініп шыққан күнде одан әрі Сандуғашпен бірге тұра алам ба? Оған сенімім жоқ. Ажырасайын десем, баламды қимаймын. Ал өзім Сандуғашпен ажырасып, Мақпалға үйленсем деймін.

 

Қандай ақыл айтасыздар?!

 

 

 

Данияр, Алматы облысы

alashainasy.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста