Отбасы - ошақ қасы

Өгей әкенің зорлығына, өмірдің қорлығына тап болған қыз

  • https://prm.ua/

    https://prm.ua/

Ауылымызда қарапайым отбасы тұратын. Ерлі-зайыптылардың ешкімге зияны жоқ. Әйелінің бірінші тұрмысында көрген қызы және осы күйеуінен үш ұлы бар. Жарасымды отбасы. Бірақ бұл тек сырт көзге ғана екен.

 

Біз Маржан екеуміз жақсы құрбымыз. Ауылға барған кезде әркез ол біздің үйге келіп, ұзақ уақыт сырласып, сөйлесеміз.

 

Бұл жолы да, әдеттегідей, сөйлесіп, армандап жаттық. Мен оған биыл мектепті бітірген соң қайда оқуға түсетінін сұрасам, ешқайда оқымайтынын, ауылда қалатынын айтты. Өйткені өгей әкесі оны ешқайда жібермейді екен.

 

Сөйлесе келе ол өзінің жан баласына айтпаған сырымен бөлісті. Маржан өте ақылды, оқымысты әрі мейірімді қыз. Аздап тұйықтау, көп сөйлегенді ұнатпайды. Бірақ оны тағдыр осылай өзгерткен екен.

 

Маржан бес жасар кезінде анасы тұрмысқа шығып, оны нағашы әжесіне қалдырған. Кейіннен әжесі қайтыс болған соң Маржанды анасы қолына алады. Бірақ өгей әкесі оны жақтырмай, есік алдындағы кепе сияқтанған кішігірім үйінде бөлек тұрғызады. Бұл шешім Маржанға қатты ауыр тиеді, бірақ баратын басқа жері болмағандықтан, амал жоқ осында тұра береді.

 

Анасы да Маржанға аса бір мейіріммен қарамайды. Оны жақтыртпай, әркез ұрсып жүреді. Ең сорақысы, өгей әкесі түнде Маржанның бөлмесіне кіріп, оның көзі мен аузын скотчпен жауып, ойына келген арам пиғылын жүзеге асырады. Ал ішіп алған күндері Маржанды зорлап, аяусыз ұрып тастайды екен. Бұл туралы Маржан анасына айтқысы келгенмен, оны анасы тыңдамай, енді сөз бастаса ұрсып тастайды.

 

Жақында Маржан көрші ауылдағы жақсы жігітке тұрмысқа шықты. Енді қорлықтан құтылдым ба деп ойлаған ол тағы да өмірдің әділетсіздігіне тап болды.

 

Күйеуі жақсы болғанмен, ата-енесі өте жайсыз адамдар болып шықты. Енесі Маржанды отырса опақ, тұрса сопақ етіп, әр ісінен қателік тауып, үйде күнде ұрыс шығарады. Ал баласы анасының айтқанынан шықпай, Маржанды өлімшідей ұрып-соғады.

 

Сонын әсерінен көтерген баласынан да айырылып қалды. Төркініне барғанымен тағы да зорлық, қорлық көреді.

 

Тағдырдың тауқыметін тартқан Маржан секілді қыздар қазіргі заманда өте көп. Тым өкінішті........

 

oinet.kz

 




Көрілген: 1786    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.07.2020, 14:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қыркүйек, 16:15
    Әйелдің өлімі...
    7 Қыркүйек, 14:38
    Күйеуімді ынтық еттім...
    2 Қыркүйек, 22:05
    Нағыз еркектен қыз туады
    1 Қыркүйек, 15:44
    Туған ағамнан жеріндім...
    31 Тамыз, 10:45
    Анама жар іздеймін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30