Отбасы - ошақ қасы

Ол да мені сүйеді деп ойлаппын

  • Ол да мені сүйеді деп ойлаппын

    Ол да мені сүйеді деп ойлаппын

 Сәлеметсіздер ме, анонимді беріңіздерші. Маған шынайы жауап беріп, дұрыс жауап жазсаңыздар екен. Айтайын дегенім, бір жігітпен ВК әлеуметтік желісі арқылы таныстым, сөйлесіп, кейін кездестік.

Кездескенде ойымда ештеңе жоқ, сөзі дұрыс болған соң кішкене болса да сезім пайда болған. Алғаш кездескенде жүрегім шым ете қалды. Өмірлік серігімді тапқандай күй кештім. Ол да қолымды ұстап, бетімнен сүйді. Ұзақ уақыт әлеуметтік желіде сөйлесіп жүрген соң бауыр басып қалады екенсің. Көрген кезде ешқандай жатырқау болған жоқ. Қалай сезіндім, солай қабылдадым. Жүрегіммен қабылдап қойыппын. Бәріне шынайы қарап, сезімімді ашып жақсы көріппін. Ойлаған едім, ол да мені сүйеді, сонша уақыттан бері бекер сөйлесіп жүрміз бе деп.Тіпті тұрмысқа шығуды ойлап қойғанмын.

Бірақ, бірінші кездесуден соң мен күтпеген жайт болды. «Ренжіме, енді сөйлеспей-ақ қояйық» деді де қара тізімге салып тастады.Сонша уақыт түнімен жазған хаттары бекер болғаны ма? Ұнатпай қалды дейін десем фотомды көрген.Бар кемшілігім бетімде кішкене тыртық бар болатын. Оны ешкімнен жасырып жапқан да емеспін.Бірақ сәл түсініксіздеу сөйлейтінмін. Әсіресе асыққанда, тұтығып қалушы едім. Оның менімен сөйлеспей қалуының басты себебі сол болуы мүмкін ба? Сезіміммен ойнап осылай жасайды деп ойламаппын.Онымен кездескенде көп сөйлемей тұйықтала бердім. Өйткені тілімдегі кемшіліктен қысылғанмын.

Сөйлескенде сыпайы əдепті жақсы сөйлескен еді, сондай қарапайым жігіт болған. Əлде оған сұлулық маңызды ма немесе жігіттер көбінесе қыздардың дауысына ғашық болады ғой сол себепті ме? Осында жігіттер де бар сияқты, комменттерді оқып көріп отырамын, шын жауап берсеңіздер жақсы болар еді.
 




Көрілген: 2351    Пікірлер: 0

жұма, 05.06.2020, 17:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31