Ол қызды өте жақсы көрем, бірақ...

Ол қызды өте жақсы көрем, бірақ...

Мен бір қызды өте қатты жақсы көремін. Оған бауыр басып қалғаным соншалық, онсыз өмір сүре алмайтын секілдімін. Өмірлік жарымды енді тауып, жеке отау құруға бел байлап, болашақ жарыммен бұл туралы ақылдассам, ол: "Егер екеуіміз үйленсек, онда сен біздің үйде тұрасың, себебі мен үйдің жалғыз қызымын" дейді.

 

Мен оған үзілді-кесілді қарсы болдым. Өйткені күшік күйеу болғым келмейді. Бірақ онсыз өмірімді елестете алмаймын. Енді не істесем болады? Міне, осы сұрақтың жауабын таба алмай басым қатып, "Алаш айнасы" порталына сырымды ақтаруды жөн санадым. Көкірегі ояу, кең пейілді оқырмандар өздерінің ақыл-кеңесін қосар деген үміттемін.

 

Мен ол қызбен жүргеніме алты жылдың жүзі болыпты. Осы уақыт аралығында оның мінезін, ісін, өмірге деген көзқарасын, жалпы өзіме жар болуға лайықтығын әбден зерттедім. Дәл мен секілді тек бір қызбен жүріп, тұрақтылық таныту қазіргі жігіттердің екінің бірінің қолынан келе бермейді. Дегенмен алты жыл өмірімде тек бір қызды сүйіп, тек сонымен ғана қол ұстасып жүргенде, оның «біздің үйде тұрасың» деген сөзі жаныма қатты батты. Мен оны бүкіл достарыммен, бауырларыммен, ата-анаммен таныстырдым. Барлық кезде ол сыпайылық танытты, менің барлық жақындарыма ұнады. Бір-бірімізді құлай сүйдік. Бірақ жеме-жемге келгенде оның бұлай талап қояды деп ойламап едім. Әрине, ол бір үйдің жалғыз қызы екенін мен жақсы түсінемін. Екеуміз жеке отау құрған күннің өзінде оны туған үйіне жиі жіберіп тұратынымды айтқанмын. Бірақ мен оның үйіне барып тұратындай жетім бала емеспін ғой, менің де бауырларым, ата-анам, жақындарым бар емес пе? Ертең олар не ойлайды?..

 

Негізі менің түсінігімше, жаңа үйленген қыз бір жыл бойы үйіне бармау керек. Жас келіншектің жылтың-жылтың етіп үйіне қайта-қайта бара беруі дұрыс емес. Бұл жас келіннің жаңа шаңырақты бөтенсіп жүргендігін, күйеуін жақсы көрмейтіндігін, ата-енесін сыйламайтындығын білдіреді. "Төркіні жақынның төсегі жиылмас" деген аталы сөз осыдан шыққан. Қалай десек те, келін барған жеріне тастай батып, судай сіңуі тиіс. Ал қайын жұртын паналайтын жігіттерді мен өз басым түсінбеймін. Мен үшін бұл өте ұят тірлік. Күшік күйеу деген әрбір қазақ жігітінің жанына өте қатты бататын тым ауыр сөз. Тіпті әйеліңнің үйінде өзің тұрмақ түгілі, өз балаңды қайын жұртта тәрбиелеу мен үшін жат нәрсе. Бұл баланың тексіз, намыссыз болып өсуіне әсерін тигізеді деп есептеймін. Қанша дегенмен де әрбір сәби өз жұртында тәрбиеленіп, өз жұртында ер жетуі тиіс. Сонда ғана ол бала бір шаңырақтың иесі, елдің қожасы екенін сезініп өсетін болады.

 

Дегенмен болашақ жарымның ойынша, күшік күйеу дегенге намыстанудың керегі жоқ секілді. "Өйткені мен бір үйдің жалғыз қызымын, ал сенің бауырларың көп. Егер біз кейін бәрібір бөлек шығатын болсақ, онда неге менің әке-шешеммен тұрмасқа? Менің ата-анам - сенің де ата-анаң болып саналады ғой. Сондықтан келешекте біздің үйде тұруға уәде бер", - дейді.

 

Осылайша менің болашақ жарым бүгінгі күнді ғана ойлап отыр. Менің не үшін ол жаққа барғым келмейтінін ол терең түсініп отырған жоқ. Ал оның арғы жағында ер жігіттің ар-намысы, бала-шағаның тәрбиесі жатқандығын түсінгісі келмейтін тәрізді. Осыны оған түсіндіре алмай-ақ қойдым. "Қайта менің әке-шешемнің үйіне, малына, байлығына ие боламыз. Жас семья ретінде үйсіз-күйсіз жүріп қиналмай, бала-шағамызды қазіргі заманға лайықты етіп тәрбиелейміз", - дейді болашақ жарым. Құдай-ау, мен үйтіп үйлі болмай-ақ қойдым, олай байлыққа кенелгім келмейді. Ол тіптен қауіпті емес пе? Ертеңгі күні жігіттердің жарының үйінде тұруы дәстүрге айналып кетсе не болады? Егер бұлай жалғаса беретін болса, онда кейін жалғыз қызы бар бай-дәулетті адамдар "байлығым қыздың артынан келген қай-қайдағы біреуге кететін болды" деп қауіптеніп, жалғыз қызын ағайындарының баласына қосып жіберуі де мүмкін емес пе? Ал мұның арты болашақ ұрпақтың тозуына әкеліп соқпай ма? Сондықтан осы жағын да мықтап ескеру керек секілді.

 

Қалай десек те, болашақ жардың үйінде тұруға қарсымын. Бұл туралы дос-жаранмен де, бауыр, ата-анаммен де сөйлесіп көрдім. Көбі мен қолдап отыр. Бірақ болашақ жарымды тым қатты жақсы көремін, одан айрылғым келмейді. Енді не істесем болады? Менікі дұрыс па, әлде жүретін қызымның айтқаны жөн бе, осыны ойланып басым қатып кетті. Төрелігін өздеріңіз айтыңыздар, құрметті оқырман... Менің әрекетім дұрыс болды ма, әлде...

 

 

Автор: Мұқан, Түркістан қаласы

alashainasy.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста