Отбасы - ошақ қасы

Ол мені елдің көзінше кемсітеді

  • Ол мені елдің көзінше кемсітеді

    Ол мені елдің көзінше кемсітеді

 Сәлеметсіздер ме? Менің бала күннен бері өскен, арамыз тым жақын жан дегенде жақын құрбым бар еді. Үнемі оған ауыр сөздер айтудан, сатып кетуден, қиындықта жалғыз қалдырудан аулақпын. Әрдайым оның көңіліне қарап жүремін. Бірақ, соңғы уақытты арамыз мүлде суып кетті. ол мені мүлде ойламайды. Үнемі маған ауыр сөздер айтып, қарсы шығады. Басқалардың алдында мені келсін-келмесін төмендете береді. Мен басқа қыздармен ұрсысып қалсам, құрбым маған емес, соларға жақтасады, тіпті, олардыкі қате болса да. Мені мүлде елемейді, оған сөйлесем, естімегендей болып жүреді. Мен оның көңіліне қарап жүрсем, ал ол....Оның басқа құрбысы пайды болды. Ол құрбысы мектебіміздегі ең әдемі, күшті киінетін, модный қыз, Онымен дос болу бәрінің арманы. Менің құрбым оның артынан қалмайды. Сонымен жақын дос болып алған сияқты. Құрбымның сол қыз сияқты болғысы келетіні анық. Соның кесірінен мені мүлде ұмытып кеткен сияқты. Екеуі күнде бірге жүреді, және де менің көзімше. Мен әрине қызғанамын, себебі ол менің жан құрбым ғой. Бірақ үндемеймін. Менің үндемейтінімді пайдаланған сияқты. Мен оған қаты ренжідім. Досын қиын жағдайда да тастап кететін достың не қажеті бар? Бірақ, ол менің бала кезгі құрбым ғой. Не істерімді білмеймін. Сіздер қалай ойлайсыздар, не істесем болады?


Аноним




Көрілген: 1257    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.07.2019, 17:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Маусым, 17:00
    Кешірші анашым...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31