Отбасы - ошақ қасы

Омырауын үлкейту үшін кредит алған келінді енесі үйден қуып шықты

  • Омырауын үлкейту үшін кредит алған келінді енесі үйден қуып шықты

    Омырауын үлкейту үшін кредит алған келінді енесі үйден қуып шықты

 Омырауын үлкейту үшін кредит алған келінді енесі үйден қуып шықты

Алматыда күйеуінің атына омырауын үлкейту үшін кредит алғызған келіншекті енесі үйден қуып шықты. Бес балалы келіншектің бұл әрекетіне енесі шыдай алмаған деп жазады NUR.KZ порталы.


Фарида (есімі өзгертілді – ред.) есімді келіншектің айтуынша, олар қазір заңды түрде ажырасып кеткен. Бұрынғы ерлі-зайыптылардың ортақ бес баласы бар.


"Күйеуім әкесіз өскен. Енем жұбайымды өзі өсіріп жеткізді. Үйінде жалғыз ұл болғандықтан енеммен бір үйде тұрып жаттық. Ол кісі екеуміздің арамызға жиі түседі. Ұлынан арамыздағы болып жатқан нәрсенің бәрін сұрап білгісі келіп тұрады. Он бес жыл үйде отырып қатарынан бес бала туу оңай емес. Мені де түсініңіз. Бала туамын, оларды өсіремін деп денсаулық, сымбатымның бәрін бердім. Құр сүлдерім қалды. Шынымды айтсам, өз-өзіме айнаға да қарай алмайтынмын. Сондықтан жолдасыммен ақылдасып, омырауымды үлкейтемін деп шештім. Ол да келісті. Бірақ анамызға айтпадық. Ертеңінде 1 миллион кредит алып, ота жасайтын клиникаға бардым", - деп ағынан жарылды келіншек.


Фарида отадан соң оңалу үшін он күндей төркінінде жатқан.


"Үйге қайтатын күні енем бәрін біліп алыпты. Есіктен кіре сала бетіме шапшып, киім-кешегімді бетіме лақтырды. Балаларды қалдырасың деп шарт қойды. Күйеуім де анасын жақтап қалыпты. Бұл үйде маған орын жоқ екенін сезіп артқа бұрылып кеттім де қалдым. Артымнан іздеу былай тұрсын, күйеуім өзі ажырасуға арыз түсірді", - дейді келіншек.


Екі-үш айдың ішінде олар сот шешімімен ажырасқан. Заң өкілі балаларды анасында қалдыруды ұйғарды. Фариданың сөзіне қарағанда ол күйеуімен қайта бас қосуға қарсы емес, тек енесімен бір шаңырақта тұрғысы келмейтінін айтады.


"Мен ота жасату үшін енемнен рұқсат сұрауым тиіс пе? Бастысы күйеуім келіскен. Енем артық кеткенін түсінсе екен", - деген келіншек балаларының әкелерімен араласып тұруына кедергі келтірмейтінін жеткізді.


el24kz


 




Көрілген: 1482    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.05.2019, 16:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Мамыр, 12:42
    Неке неге бұзылады?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31