Отбасы - ошақ қасы

Оңтүсіктің жігіті тастап кетті, солтүстіктің жігіті бақытты етті

  • Оңтүсіктің жігіті тастап кетті, солтүстіктің жігіті бақытты етті

    Оңтүсіктің жігіті тастап кетті, солтүстіктің жігіті бақытты етті

 Сәлеметсіздер ме! Мен өзім Шымкентте туып-өстім. Кейіннен Астанаға көшіп кеттік, мектепті Астанада оқыдым. Менің сыныптас қыздарым жігітпен кездесіп, кейбіреуі жақын қатынасқа түсіп жүргендерін айтатын. Сол кезде мен оларды кім алады деп ойлаушы едім. Бірақ Солтүстікте мүлде ондай қыз, қыз емес деген жоқ екен.

Мен Шымкенттің жігітімен жүрдім. Сосын онымен 18 жасымда болып қойдым. Уақыт өте келе, ол мені тастап кетті. Қазірше жағдайым жоқ, анау-мынау деп сылтауратты. Ал негізінде оның әйел, баласы бар екен. Сосын енді кімге керегім бар деп ойланып жүргенімде Көкшетаудың жігітімен таныстым.

Мен такси токтатып тұрғанда ол тоқтап, үйге дейін апарып тастаған болатын. Ол номерімді сұрады, бермедім. Жол- жөнекей қайда оқитынымды сұрады, мен айттым. Содан ертесіне есік алдында гүлмен мені күтіп тұр екен. Колледжге апарып тастады. Күнде солай сыйлық жасайтын, қыдыратынбыз.  Таксистпін деп айтқан болатын, өтірік екен. Министрлікте жұмыс жасайды екен. Үйінің жалғыз баласы,тек анасы ғана бар. Оқуымның ақшасын, күнделікті тамағымның ақшасын беріп тұрды, ұнатқан киімімді алып беріп жүрді. Демалыс кездерінде Бурабайға, Алматыға, Каспийге баратынбыз.

Ол маған көрмеген жерлерімді көрсетті. Туылған күнімді ешқашан өткізбеген едім.Алғаш рет соынмен бірге керемет етіп атадық, 1 жылдан астам жүрдік. Менің, оның ата анасы бәрін білді. Үйленеміз деп күнді белгіледік.

Жаз болатын, Бурабайға демалуға бардық. Сол күні мен оған шындықты айтпақшы болдым, ішім қан жылады. Алладан көмек сұрадым. Ол бөлмені романтикалық етіп дайындап қойған, ал менде көңіл-күй  жоқ. Не болса да айтамын деп бәрін айтып бердім. Ол болса жымиып: "Саған сенемін, мен сені кінәләмаймын"  деді. Мен сасқанымнан мамаға не айтасыз деппін ғой. Ол күліп, бұл менің өмірім деді. 
Екеуміз бірге болдық. Таңертең тұрсам ақырын тамақ істеп жүр.Тамақтанып Астанаға қайттық. Сосын менің аяғым ауыр болды. Ол қатты қуанды.Үйлендік, беташар, құдалық, қалың мал дегенді білмейді екен. Бірақ бәрін біз айтуымыз бойынша жасады. Қазір міне баламыз туылды. Бізді перзентханадан керемет етіп шығарды. Ұл туып бердің деп машина сыйлады. Мені де, баламызды да қатты жақсы көреді. Ешкімге қарамайды. Инста, вк кірмейді. Мен оны Инстаға салсам күледі. Орамал,тарт, таңертең ерте тұр деп ешқашан айтпаған. Енем алтын адам. Бірге бутик аралаймыз енеммен. Мен босанғанда күйеуім жұмыста болып, енем кірді жаныма. Мен туған анамдай жақсы көремін.Тағамды жасасам, мақтап отырады.Түрімді, шашымды, мінезімді подругалары келген сайын мақтап айтады. Иншаллах, менде осындай ене боламын. Аллаға шүкір, осындай өмірге. Ешқашан ойламаппын мұндай болады деп. Жігітім тастаған кезде жылап, суицидті де ойлаған болатынмын. Аллаға шүкіршілік етемін, Алла маған көмек берді. Алла баршаңызға бақытты өмір нәсіп етсін!




Көрілген: 2005    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.02.2019, 16:03

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Қыркүйек, 11:55
    Қайнымнан шаршадым...
    13 Қыркүйек, 14:35
    Тұрмысқа шығуға қорқам...
    9 Қыркүйек, 01:14
    Қайынағам қырындап жүр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31