Опасыз күйеуімді қалай кешірем?
 Сəлеметсіздер ме, құрметті қауым, қыз-келіншектер! Менің тұрмыс құрғаныма тоғыз жыл болды. Осы тоғыз жылда не көрмедім десеңші. Айтар болсам өте көп, пәтер жалдап тұрдық, сол кездерде күйеуім мені талай рет тастап кеткен. Бірақ әйтеуір алдымен Алла,  содан кейін өзімнің арқамда жер алып, үй салдық. Сонда да күйеуім өзінше болып, бәрін өзі жасап, бала-шағасын өзі асырап отырғандай болады.
Жерді өзім алып, құрылыс материалдарына дейін өзім таптым, ол тек құрылысқа аздап көмектесті. Міне, кеше де ұрысып қалдық.Қызыма сабақ үйретіп отырғанмын, қызыма дұрыстап жаз деп ұрысып едім,  сол кезде мені боқтап ұра жөнелді. Маған айтатыны, міне үйің бар, мені үйден қуып басқа біреуді кіргізіп алмақсың ба деп миымды жейді. Ажырасатын болсам бір баладан кейін-ақ ажырасар едім ғой. Қпзір төрт баладан кейін ажырасу туралы ойламаймын да.
Ит мінезіне, ұрғанына, шешесінің істеген иттіктеріне, бəріне шыдап келдім ғой. Енді жақсы өмір сүреміз ба десем. Ұрыс -керіс əр отбасында болады ғой, бізде де солай, ұрсысқан сайын  кезде мені қуып біреуің бар деп миымды жейді.
Ия, рас былтыр бір рет қуып шыққаным бар. Ол кезде мынадай жағдай болған. Кешке он екілер шамасы күйеуімнің аяқ киімін ит тістеп кеткен екен, соны телефон фонарымен іздеп шыққам .Сол уақытта смс келді.Мəн бермедім, бір емес 6 рет келді.Сосын кімнен екен деп ашып қарасам, орыс əйелден екен. "Екеуіміз кездескенде үстіңнен түспей қоям.я тебя л" деген секілді сондай сөздер жазыпты. Сосын мен звандадым кім екен деп , әлгі орыс әйел алда да, жауап бермей тастай салды. .Сосын үйге кіріп аузыма келгенді айттым, сол кезде үндемей үйден шығып кетті машинаны тастап кет десем тастамай кетті, ол машинаны да мен əпергем содан не керек 1 апта өткесін қызым əкемді қайтар сен қудың деп жылады, сосын қызым өзі звандап əке қайтшы деді. Ол түк болмағандай үйге келді.Сол опасыздығын ұмытқым-ақ келеді, бірақ ұмыта алар емеспін.Амал жоқ балаларым əкесіз өспесін, ешкім əкесі жоқ деп кемсітпесін деп шыдап келем.Сонда да мен кінəлімін кеше түнде біреу звандады 1 шамасында, алайын дедім де, тағы да ұра ма деп қорықтым. Ұйықтап жатқандай кейіп таныттым, сол кезде өзі оянып телефонын алып сыртқа шығып кетті, браз уақыттан кейін келді Ендігі не істесем болады қандай ақыл айтасыздар?
Аноним