Отбасы - ошақ қасы

Осы белгілерді байқасаңыз, күйеуіңізді өзгертуге емес, өзіңіз өзгеруге ұмтылыңыз…

  • Осы белгілерді байқасаңыз, күйеуіңізді өзгертуге емес, өзіңіз өзгеруге ұмтылыңыз…

    Осы белгілерді байқасаңыз, күйеуіңізді өзгертуге емес, өзіңіз өзгеруге ұмтылыңыз…

Ерлі-зайыптылардың арасында «көзге шөп салмаудың» маңызы зор. Сондықтан шаңырақтың, отаудың діңгегі қанша нық болса да, еріңіз немесе жұбайыңыз «көзіңізге шөп сала ма екен» деген ой сізді әйтеуір бір мазалайтыны сөзсіз. Тіпті бұл тақырып сан жылдар бойы айтылып, талқыланып келеді, әрі қарай да жалғасын таппақ. Ал сіз «сатқындықтың» белгілерін білесіз бе? Біз бүгін «көзге шөп салудың» негізгі белгілерін атап өтуді жөн көрдік.

Тәулігіне 24 сағат «занят»
Ол жұмысы көбейіп, үнемі кешігетін болды, үнемі қолы тимей жүреді. Естуге ауыр болса да, өкпелемейсіз. Өйткені, ол сіз үшін, баласының қамы үшін жұмыс істеп жүр. Бірақ, психологтардың басым бөлігі «бұл – күйеуіңізге немесе жұбайыңызға мұқият назар аударудың негізгі белгісі» деп атап өтеді. Демек ол уақытының негізгі бөлігін басқамен бөліседі.
Отбасылық дәстүрлер ұмыт қалады

Бұрын біліп жүрген отбасыңызға ортақ қуанышты күндерді кенеттен ұмытты ма? Оның себебін қанша жерден жұмысбастылыққа әкеп тіресе де, бәрібір көңілінің басқа жаққа ауатыны байқалады.
Шектен тыс тазалығы байқалады
Табалдырықтан аттай сала, сіздің құшағыңызға емес, бірден жуынатын бөлмеге (ванна) аттанады. Көшеде қанша суық, қанша ыстық болып тұрса да, кейде қол жууды ғана сылтау ете салады. Ол тердің иісінен ұялып емес, «сезіп қоя ма» деген үреймен жүреді деп ойламайсыз ба?
Қолынан телефоны түспейді
«Абонент орталықтарынан» СМС-хабарламалар келгіш болып кетеді. «Жұмысындағылар хабарласып қалуы мүмкін» болған соң қолынан ұялысын тастамайды. Тұтқаға қарағыштап, елеңдеумен жүреді не телефонды мүлде сөндіріп тастайды.
Ортақ нәрселерге қызығушылығы жоғалады
Бұрынғы айтылған әңгімелеріңізді ұмытып қалады, есіне түсіруге ерінеді. Ол үйге келгенде айтатын әңгіме болмай, сөздеріңіз «Не жаңалық» деген сұрақтан әрі аса алмай қалады. Күйеуіңіз өзімен-өзі тұйықталып, оңаша ойланып не ұйықтаған сыңай танытып жатқанды ұната бастайды.
Түймедейді түйедей етіп…
Күйеуіңізді үй ішіндегі болмашы жағдайлар тез ашуландырып, жоқ жерден ұрыс шығарғыш болып кетеді. Бұрын әзілге айналатын еркеліктеріңіздің аяғы ренжісумен аяқталады.
«Жараса ма?»
Айна алдында ұзақ тұруды әдетке айналдыруда. Ұзақ жуынып, ұзақ қырынып, үнемі таза әрі еркін киінуге ұмтыла түседі. Соңғы үлгідегі киімдерге қызығып, жаңа киімдер алады. Күнде үйден шығарда «Қалай болып тұрмын» деген сұрақты да қоюы мүмкін.
Немқұрайдылық
Бұрынғыдай жаңалықтармен жарыса бөлісіп, бір тақырыпты ұзақ талқыламайсыздар. Өзіңіз қойған сұрақтың бәріне де «Білмеймін» деген жауап аласыз не иығын қиқаң еткізе салады.
Көбінесе әйел адамдардан гөрі ер адамдар көзге шөп салуға бейім болып келеді. Сондықтан бұл белгілердің барлығы дерлік ер адамдарға тән.

Осы белгілерді байқасаңыз, күйеуіңізді өзгертуге емес, өзіңіз өзгеруге ұмтылыңыз… Өйткені екі жұптың бірінің сырттан жылу іздеуі тегіннен тегін емес. Бұған ең бірінші себеп болатын фактор – отбасындағы жылудың азаюы дер едік. Тек жан сұлулығына ғана емес, тән сұлулығына да мән беріңіз. Қашан да сұлу, көрікті болып жүруге тырысыңыз. Имиджіңізді өзгертуден қорықпаңыз. Керісінше, жолдасыңыз сізді жоғалтып алудан қорқуы керек. Бірқалыпты болудан аулақ болыңыз! Көп еркектер әйелін «жақсы көрмегеннен» көзіне шөп салмайды, көбінесе оларды бірқалыпты кейіп шаршатып жібереді. Үйдің жинақы, сәнді болып тұрғаны кім-кімге болмасын ұнайтыны рас. Ер адамның жүрегіне тамақ арқылы да жол табуға болады. «Ас адамның арқауы». Күнде әртүрлі тағам дайындауға тырысыңыз. Ең бастысы, үй жылулығы. Үйі таза, тамағы дайын, әйелі сұлу, балалары тәрбиелі болып отырса қандай еркектің болмасын көңілі жайдары. Ал сіз өзіңізге сенімді болыңыз, сіздің қолыңыздан келеді!
 




Көрілген: 2406    Пікірлер: 0

бейсенбі, 02.01.2020, 14:57

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Ақпан, 16:10
    Екі әйел алмаңдар!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30