Отбасы - ошақ қасы

Осылай ішімнен тынып жүрмін...

  • https://ru.depositphotos.com

    https://ru.depositphotos.com

Менің жасым 18-де. Тұрмысқа шыққаныма 4 ай болды. Айтайын дегенім күйеуім үйленгеннен кейін мүлдем басқа адам болып шықты.


Үйленгенге дейін маған ешқандай ауыр сөз айтып, боқтамайтын, ұрмайтын. Сабырлы керемет жігіт болатын.


Ал үйленгеннен кейін мені қатты қызғанып, инстаграмда қыздарға лайк бассамда боқтап ұратын ды шығарды. Күйеуге шыққан 4 ай бойы күндерімнің барлығында жылаумен келемін.


Былай арамыз керемет барлық жағынан. Кейде ашуланбай жақсы болып жүреді де, кейде көзіне бірдеңе көрінгендей жынданып шығады өзінен өзі. Мен оған жындануға ешқандай себеп бермеген сияқтымын. Көшеге кетіп, 2-3 те келседе үндемеймін, сыртта жүрсе тіпті звондамаймын достарынан ұят болар деп.


Ата енемді өзімнің əке шешемдей сыйлап, жақсы көріп, айтқандарын істеймін. Олар өте жақсы адамдар. Аллаға шүкір.


Бірақ күйеуімнің маған істейтіндері жүрегімді ауыртады. Күнде жылап бар өкпемді ішімде сақтап жүрмін. Сірə ешкімге айта алмаймын, өз ата анам күйеу баласын жек көріп кетер деп, ал ата енеме өзім жаман болып , баласын да жаман қылып көрсеткім келмейді.


Осылай ішімнен тынып, бəрін сақтап жүре берсем ауру болып кететін сияқтымын. Күнде ойыма ол ұрысқан сайын бекер күйеуге шықтым деп ойлаймын. Не істерімді білмеймін?


Бір ойым 4 айдан бері əлі көтермедім мүмкін содан шығар деп.. бірақ білмеймін.


Дəрігерге тексерілгенімДе бəрі жақсы, воспаление ештенең жоқ деп жіберген. Ол сол денім сау болып тұрып көтере алмай жүргесін содан жынданама деп ойлаймын кейде. сіздер қандай кеңес бересіздер?




Аноним  




Көрілген: 10774    Пікірлер: 0

сенбі, 31.08.2019, 10:15

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Қазан, 10:43
    Күйеуім бола тұра...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30