Отбасы - ошақ қасы

Отбасылы еркекпен көңіл қосып жүрген бала-шағалы әпкеме не айтам...

  • Көрнекі сурет.  Ғаламтордан

    Көрнекі сурет. Ғаламтордан

Естімеген елде көп демекші, өмірде небір адамдар болады екен. Мал аласы сыртында, адам аласы ішінде , дейді ғой. Менің басымнан өткен жайтты айтып берейін.


Жасым 19 да, 2 курс оқимын. Анамның кенже сіңілісі бар ажырасқан, 5 жасар қызы , 3 жасар ұлы бар. Ажырасқанына үш жыл , осы уақытқа дейін нағашы ағамның үйінде тұрып келген, содан биыл көктемде бөлек шықты, сол ауылдан үй алып. Бөлек шыққанда үйін реттестіріп жинасқанға барып көмектескенбіз мамам екеуміз. Содан бір ай өткен соң бізді қонаққа шақырды, қолымыз тимей бара алмай жүрдік . Папа мама әжемнің үйіне барған сайын кіріп шығатын ол кісінің үйіне де. Содан осы күзде мені қайта қайта шақырып жүрген соң, барғанмын. Мама папа апарып тастады, 1 аптадан соң алып кетеміз деді. Ойымызда түк жоқ, өзіміз ғой дедік.


Әпкем азаңғы 9°° ден 11°°ге дейін сосын кешкі 17°° ден 19°° ге дейін ауылда шағын маркет бар, сонда жұмыста болады, еден жуушы. Туған күні таяп қалған, жұмыстағы қыздар келеді соған салат жасап , анау-мынау пісіріп берші деген соң үйіне бардым. Содан ол туылған күнінде түсте 3 келіншек келіп өздерінше отырып кетті шамалы вино ішті кешке сол ауылдағы ағаммен жеңгем, нағашы әжем келді. Олар кеткен соң үйді жинап жүргенмін, әпкеме біреу қоңырау соқты, әпкем киініп маған «сен екі балаға қарап үйде отыра тұр мен 2 сағттан соң келемін" деді. Мен қорқып кеттім, ішім қылп ете қалды. Кішкентай емеспін ғой ер кісі хабарласып кездесуге шақырғанын сезіп тұрмын. Сонда да қайда барасыз деп едім, бағанағы қыздар ғой жұмыстағы солармен болам деді.


Қақпаны жауып, үйдің есігін іштен іліп алдым. Екі балаға қарап отырмын, кішкентай ұлы ұйықтап қалды, қызын ойнатып отырмын. Ол мамасын сұрап қояды, мен қазір келеді деп жұбатып қоямын, содан ол да ұйықтап қалды, сағат түнгі 1 , әпкеме қоңырау шаламын сөндірулі, қорқып отырмын, әр 20 мин сайын қоңырау шалам біресе сөндірулі, біресе барып тұрады бірақ алмайды. Содан сағат таңғы 4°° болып қалды. Үйдің маңына көліктің келіп тоқтаған даусы естілді. Қақпаны тоқпақтады, мен қорқып отыра бердім, содан телефоныма қоңырау шалып нағашы әпкем есікті ашшы, мен келіп тұрмын дейді. Содан үйге кірдік. Маған қарап «ешкімге айтпа бұл жөнінде» деді. Үндемей барып жатып қалдым.


Ертесіне бір еркекпен жүретінін айтты, саған өз сырымды айтайын оның отбасы бар деп әңгімесін бастап келе жатты, мен "әпке қажет емес , мен сізден кішкентаймын, Маған ыңғайссыз менімен ол жөнінде сөз қозғамай ақ қойыңыз" дедім, Расында да біртүрлі ыңғайсызданып кеттім. 1 аптадай сол үйде болдым, балаларына қарап, үйін жинап, соңғы күні әжем өздерінің үйіне алып кеткен, ертең әке-шешең әкетіп қалады, тым болмаса бір күн қасымда бол, қолымнан шай іш деп. Әпкем туралы ешкімге, тіпті мамама да ештеңе айтқан емеспін. Енді өткенде нағашы әпкем маған хабарласып аузына келгенін айтты, «сен аузыңа ие болмайсың ба, әжелерге еркекпен кездесіп жүргенімді айтып қойғансың ба» деп айқайлайды. Нағашы әжем, нағашы жеңгем біліп қойған екен, барып ұрсып қайтадан өз үйлеріне көшіріп аламыз деп жатыр екен. Менің ол кісіде не шаруам бар. Ешкімге ешнәрсе деген жоқпын ғой. Не істерімді білмеймін, ол әпкеммен араласқым да келмейді. Ол кісі ватцапта отырып күнде мені қарғайды. Мазамды алды, кеше телефон соқты, «сен қыз менен көресің, оқуыңды бітірмей байға кетіртем» деп айқайлайды. Анам білмейді, қалай айтам оған, сіздің сіңіліңіз осындай, мені осылай қорқытып жүр деп...




Әсем,Шымкент


 alashainasy.kz/




Көрілген: 4100    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.04.2019, 10:35

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Қазан, 10:43
    Күйеуім бола тұра...
    24 Қыркүйек, 10:32
    Бір өмір: әкесі мен қызы
    18 Қыркүйек, 11:18
    Төркініме кетіп барамын
    17 Қыркүйек, 11:48
    Кеш оянған махаббат
    12 Қыркүйек, 10:23
    Бәрінен шаршап кеттім
    8 Қыркүйек, 18:03
    Мен бөлеме ғашықпын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31