Отбасы - ошақ қасы

Отбасылы жігітті бала-шағасынан айырып, әкеткен әйел ауыр дертке шалдыққан

  • Dreamstime

    Dreamstime

Алматыда үйленген жігітпен көңіл қосып, оны отбасынан айырған келіншек ауыр дертке шалдықты. Бұл туралы   KAZ.NUR.KZ тілшісіне аталған жанұяның жақын досы айтып берді.


«Серік пен Сұлушаш (есімдері өзгертілді - ред) екі бала тәрбиелеп отырған жарасымды жұп болатын. Алматыға сонау Шығыс Қазақстан облысынан көшіп келіп, пәтер жалдап, күнкөріс қамымен жүрді. Екеуі де еңбекқор. Сондықтан, үлкен қаланың өміріне тез бейімделіп кетті. Қаннен қаперсіз күн кешіп жатқан жанұяның шырқын сырттан қосылған келіншек бүлдірді. Серіктен бірнеше жас үлкен әйел айрандай ұйыған отбасының шырайын шығармады. Олардың қалай танысқанынан бейхабармын. Бірақ сол әйел үйір болғалы бері отбасынан береке кетті. Сұлушаш қанша жерден жанұясын сақтағысы келсе де, Серік өзге әйелмен кете барды», - дейді әңгемелесуші.


Алайда, арада жылдар өткен соң Серікті отбасынан айырып, балаларды тірі жетім атандырған әйелдің ауыр дертке шалдыққаны белгілі болды.


«Әр нәрсенің де өтеуі бар ғой. Құдайдан қорықпаған адамды түбінде жаза күтері анық. Екі баласы мен әйелін жылатып, отағасын тартып әкеткен сол келіншектің де бақыт таппағанын естідік кейін. Ол ауыр инсульт алып, бет-ауызы қисайып, ел алдына шыға алмайтындай күйге түсіпті. Әрине, әркімнің тағдыры әрқилы. Мүмкін, оның бұлай ауыруына себеп жоқ та шығар. Бірақ біреудің бақытын ұрлап, көз жасына қалып, опа таппайтының белгілі», - дейді жанұяның жақын досы. 




Көрілген: 2698    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.04.2019, 19:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Маусым, 17:00
    Кешірші анашым...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31