Отбасы - ошақ қасы

Өтірікпен құрылған отбасымның ойраны шықты

  • Өтірікпен құрылған отбасымның ойраны шықты

    Өтірікпен құрылған отбасымның ойраны шықты

 Мен көшенің тәрбиесімен өстім. Ата анам мені кішкентайымнан үйге 1 аптаға жалғыз қалдырып, тіпті айлап жалғыз қалатынмын. Менің тәрбиемнен, жүріс тұрысымнан бей хабар жандар еді. Мектепте балдардан таяқ жеген қыздардың ата аналары ертеңіне шағымданса менің ата анам еш басын сұққан емес. Сабағым қалай? Не болып жатыр? Тек ауырмасам болды. Ауырсам ғана қасымнан шықпай жалпақтап жүреді. Өйткені қанша дегенімен жалғыз перзентімін ғой. Ақырында ауырсам екен дейтін болдым. Бар сырымды ішіме сақтап жүрдім.

Бой жеттім, бұзылдым, темекі тарттым, іштім, қыдырдым. Неге? Себебі араласқан ортам сондай болды. Бой жетіп 19 жасқа келгенде ата-анам үйде отыратын болды. Мен өзім 15 жасымнан тойда билеп ақша тауып жүрдім. Ағайындар жақтырмайтын бұл ісімді. Әкемнен сөз естіген анам әй шәйға қарамай оқтаумен мені сабайтын. Бірақ менің тәрбиеме мән бермеді. Ойлары тек елден қалмай оқытса, киіндірсе, аш қалмаса болды. Мен пәутігімді  беріп қойғанымда әбден қиналдым. Кімге айтамын? Не істеймін.

Анам 19 жастан бастап үйде болды. Адамдар айттыра берді. Мен үреймен қорқып бәрін қайтардым. Содан анам күдіктене бастады, әңгімеге тарта бастады. Алғаш рет анам менімен әңгіме айта бастады. Күнде сұрайтыны жігітің бар ма? Неге бәрін қайтарасың? Ашылып айтсайшы деп ұрысатын. Осы күнге дейін ештеңе сұрамай енді ойландырды анамды. Ақырында ебіл-дебіл жыладым. 2 жыл бұрын бұзылғанымды айттым. Анам тіл қатпай үнсіз қалды. Ұрайын десе өздері қараусыз қалдырды. Ұрмайын десе абройын төгіп отырмын. Бұған кінәлі кім? Бәріміз.

21 жасымда бір жігіт алып қашты. 4 жыл ешкімге берілмегеннен бе әлде әу баста қыздығым жөнды алынбаған ба білмеймін, бірақ мен өз саусағымнан кескен қаннан бөлек ерекше қан көрінді. Қанша дегенмен 1 әулетті алдап қалдым. Яғни қыз деп шықты. Өтіріктен басталған нәрсе өтірікпен аяқталады емеспе? Алла бәлкім жазалағанда шығар мені. Алғашында керемет секілді көрінді. 1 айдан кейін бәрінің мінезі шықты. Өзім кезінде қанша жүрсемде тек аңқау, аңғал, ақ көңіл едім. Ешкімге зияным тимеген. Мені құртатын темекі, ішімдік еді. Ішімдік болғандада тек отырыстарда ғана 1-2 стақаннан көп емес. Тұрмыс құрған сәттен бастап бәрін қойдым. Ата-анамды да іздемедім. 3 жыл отандастым. 3 жылдан кейн екінші перзентімнен соң инсульт алдым. Естіген ата-анам жүгіріп 2 ай емдетті. Ауру әйел кімге керек? Ешкімге. Ата-енем керек етпей ажыратты. 2 баламен қазір ата анамның қолындамын. Бұл бәлкім кезінде жасаған күналарымның сазасы болса керек. Анамда Құдайға не жаздым, кімнің ала жібін аттадым деп күйінеді. Бірақ күнәні анам жасамаса да мен жасадым ғой.

Қазір жолдасым үйленіп, қызды болды. Мен оны еш жазғырған емеспін. Ата-енем қанша жақтырмаса да күйеуім мені жақсы көрді. Екеуміз ойнасақ та, күлсек те, қыдырсақ та араға көп от салатын. Екеуміз бақытты болсақ та көре алмайтын. Ақыры жолдасым ата-анамның айтқанынан кете алмаймын дегесін ажырастық. Ол да біледі менің қиналғанымды, қайнатам қол көтерсе де жолдасым үшін шыдағанымды, анасы қанша сөз айтса да менің бәріне шыдағанымды күйеуім біледі. Себебі жолдасыма мені жамандаса да6 ол бетіме келген емес. Міне, ажырасқалы 2 жылдан асты. Жасым болса 27 де. Өмірім быт-шыт. Қайтадан темекі тартып кеттім. Тек ішпеймін. Жұмысым бар. Кешке балаларыма ертегі айтамын, күнде тәттілерін әкелемін. Қанша жерден балаларыммен жұмысыммен алдансам да жалғызсыраймын. Жолдасымды сағынамын. Соны ойласам болды темекіні іздеп кетем. Тек балаларыма, ата-анама көрсеткен емеспін. Жүрісім осы, еркек атаулының көздеріне сүйел болып жүрмін.
Құрметті қыз келіншектер айтпағым мен секілді болмаңыздар. Жаман нәрсеге әуес болмаңыздар. Әсіресе жас қыздар ер адамға сеніп, пәктігіңізді бермеңіздер. Қыздық салдырып, өтірік қызбын деп тұрмыс құрмаңыздар. Себебі Алла бәрібір оның есебін қайтарады екен! Бұзылып қалған өзінде ашып айту керек. Барлық нәрсе шындықпен басталған дұрыс. Бірақ барынша еркекке берілмеңіздер! Қазір менде қыз бен ұлды өсіріп отырмын. Барынша олардың тәрбиесін қадағалап отырамын. Болашақта мен секілді болмаса екен, мен секілді от баспаса екен деп алаңдаумен жүремін. Менің өмірімді, тәрбиемді ешкімге бермесінші Аллам.

Аноним 




Көрілген: 3832    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.09.2020, 12:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қазан, 22:10
    Баланың киесі ұрады
    10 Қыркүйек, 16:15
    Әйелдің өлімі...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31