Отбасы - ошақ қасы

Отыз жыл бойы сәби сүйе алмаған алматылық әйел 49 жасында егіз ұл босанды (видео)

  • Отыз жыл бойы сәби сүйе алмаған алматылық әйел 49 жасында егіз ұл босанды (видео)

    Отыз жыл бойы сәби сүйе алмаған алматылық әйел 49 жасында егіз ұл босанды (видео)

54 жастағы Алматы қаласының тұрғыны Қансұлу Әбдімұратова тұрмысқа шыққан соң ұзақ уақыт бойы сәби сүйе алмаған. Жақсылықтан үміт үзбеген оның 30 жылдан кейін өмірге зарыға күткен егіз ұлы келіпті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ұлттық арнадағы "Niet" бағдарламасына сілтеме жасап.

Қансұлу Әбдімұратова 19 жасында көпбалалы отбасыға тұрмысқа шыққан. Өзінің де жанұясында төрт ұл, төрт қыз болыпты.

Келіншек шаңырақ көтерген соң он шақты баланың анасы болуды армандаған. Алайда ол 30 жыл бойы құрсақ көтере алмапты.

"Емделдім, қаралдым, бармаған жерім қалмады. Қазір бір тырнағың кем болса, соны тығып жүресің ғой. Ал 30 жыл бойы баласыз жүру - мен оны сөзбен айтып жеткізе алмаймын.

30 жыл бойы "балалы боламын, балалы болуым керек, балалы болуға лайықтымын, күйеуімнің ұрпағын жалғастырамын, сол үйдің отын өшірмеймін" деп бармаған жерім жоқ", - деді Қансұлу.
Келіншектің сөзінше, дәрігерлерге барған кезде күйеуінің де, өзінің де денсаулығынан ешқандай кінәрат табылмаған.

Ақ халаттылар Қансұлудың үмітін үзбей, 15 жылдан кейін де сәбилі болып жатқандар барын айтыпты.

"Қай жерде жақсы дәрігер бар десе, мен сол жерге барамын. Қанаттанып келген күнім де, жылап келген кезім де болды. Балалы бола алмасам біреудің бақытын байламайын деп күйеуіме рұқсат берген күнім де болды.
Бірақ жолдасым "Бұл Алланың маған берген сынағы. Екеуіміз бірге төзейік, мұның артында бір жақсылық болады" деп рұқсатын бермеді", - дейді алматылық әйел.
Бірнеше жыл сәби иісін иіскемесе де, ерлі-зайыптылар сынаққа сынбай, бәрінен бірге қол ұстасып өтіпті.

Соның нәтижесінде Қансұлу Әбдімұратова 30 жылдан кейін, 49 жасында Асқарлы және Айбарлы есімді қос ұлды өмірге әкелген.

"49 жасымда кесарь тілігімен босандым. Тек мен емес, менің отбасым емес, қайын жұртым емес, мені таныған бүкіл достарым, жолдастарым, әріптестерім барлығы, бүкіл халық қуанды", - деді бақытты ана.
Еске сала кетсек, 40 жасында ЭКО-ның көмегінсіз ана атанған оралдық келіншек Ләззат Махамбетқызының оқиғасын жариялаған едік.




Көрілген: 1373    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 19.02.2020, 15:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31